1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет
- аты-жөні: Ахметов Жанат Жұмағалиұлы;
- тұрғылықты жері:Қазақстан, Серебрянка қаласы;
- оқуы/қызметі: Қазақстан теміржолында қызмет етемін;
- тұрмыстық жағдайы: бойдақпын;
- мінезі: қырсық, өзіме түсініксіз жаман мінезім бар, қалжыңға жақынмын.
2. Хоббиің не?
1) тиын жинау (нумизматика)
1998жылдан бері тиын жинаймын, ең көне тиын 1886 жылғы ағылшын тиыны, жалпы жиыны 150ге жуық;
2) ел-жерлердің атауларына қатысты аңыздар жинақтау (Осы теміржол саласына жұмысқа кіргенен бастап қызығушылығм оянды аңыздарды жинауға, Қазақстанның 40 елді мекенін атауына қатысты деректер-аңыздар жинадым).
3. Қай елге саяхат жасағың келеді?
- ең алдымен Қазақстанның барлық қаласын аралап көргім келеді,одан кейін араб елдеріне.
4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)?
- Тынық мақпал түнде қол ұстасқан екі жастың қызықты махаббатына куә болатын АЙ болғым келеді.
5. Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?
- Адамдарды қуанту,солардың қуанғандағы бақытты сәттерін көру. Адамдарға, қоғамға жақсылықты көп жасағым келеді.
6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?
- мектеп қабырғасында, 8 сынып оқып жүргенде, Ләйлә есімді қызбен.
7. кімді жақсы көресін (жігіт пен қыздарға қатысты)?
- әзірге жүрегім бос.
8. Сүйікті әншін, әртісін, саясаткерін (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?
-әнші Мейрамбек, өлеңдері ұнайды;
-әртіс Тұңғышбай Жаманқұлов;
- парламент депутаты Нұртай Сабилянов, жомарт жан.
9.Сүйікті спорт түрі?
- шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі
10.Сүйікті кино? неге дәл осы кино?
- «Три мерта над небом» сол киноны көрші деп ұсыныс жасаған адамды ұнатқанымнан болар сол кино жақсы көремін.
11.Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)
- еркек басшы болу керек
12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?
- әркім өз табысын өзі ұстау керек, себебі ол оның еңбегі.
13. Анкетаны ұсынатын адамға қояр сұрағым:
-Демалысқа жоспарын қандай ?
Анкетаны Алматының аппақ қызы Ғазизаға ұсынамын.
Анкета тәртібі:
1) бұл сұрақтар өзгертілмейді;
2) эстафетаны алған адам 13 сұрақты өзі қояды
3) өтірік жазу жоқ!
4) барлық сұрақтарға жауап берілуі тиіс