Танысу анкетасы!

Танысу анкетасы!
жеке
блог

1.    Өзің жайлы қысқаша мәлімет

-         аты-жөні: Ахметов Жанат Жұмағалиұлы;

-         тұрғылықты жері:Қазақстан, Серебрянка қаласы;

-         оқуы/қызметі: Қазақстан теміржолында қызмет етемін;

-         тұрмыстық жағдайы: бойдақпын;

-         мінезі: қырсық, өзіме түсініксіз жаман мінезім бар, қалжыңға жақынмын.

2.    Хоббиің не?

1) тиын жинау (нумизматика)

1998жылдан бері тиын жинаймын, ең көне тиын 1886 жылғы ағылшын тиыны, жалпы жиыны 150ге жуық;

2) ел-жерлердің атауларына қатысты аңыздар жинақтау (Осы теміржол саласына жұмысқа кіргенен бастап қызығушылығм оянды аңыздарды жинауға, Қазақстанның 40 елді мекенін атауына қатысты деректер-аңыздар жинадым).

3.    Қай елге саяхат жасағың келеді?

- ең алдымен Қазақстанның барлық қаласын аралап көргім келеді,одан кейін араб елдеріне.

4.    Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)?

- Тынық мақпал түнде қол ұстасқан екі жастың қызықты махаббатына куә болатын АЙ болғым келеді.

5.    Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

- Адамдарды қуанту,солардың қуанғандағы бақытты сәттерін көру. Адамдарға, қоғамға жақсылықты көп жасағым келеді.

6.    Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

- мектеп қабырғасында, 8 сынып оқып жүргенде, Ләйлә есімді қызбен.

7.    кімді жақсы көресін (жігіт пен қыздарға қатысты)?

- әзірге жүрегім бос.

8.    Сүйікті әншін, әртісін, саясаткерін (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?

-әнші Мейрамбек, өлеңдері ұнайды;

-әртіс Тұңғышбай Жаманқұлов;

- парламент депутаты Нұртай Сабилянов, жомарт жан.

9.Сүйікті спорт түрі?

- шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі

10.Сүйікті кино? неге дәл осы кино?

- «Три мерта над небом» сол киноны көрші деп ұсыныс жасаған адамды ұнатқанымнан болар сол кино жақсы көремін.

11.Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

- еркек басшы болу керек

12.  Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

- әркім өз табысын өзі ұстау керек, себебі ол оның еңбегі.

13.  Анкетаны ұсынатын адамға қояр сұрағым:

-Демалысқа жоспарын қандай ?

Анкетаны Алматының аппақ қызы Ғазизаға ұсынамын.

Анкета тәртібі:

1) бұл сұрақтар өзгертілмейді;
2) эстафетаны алған адам 13 сұрақты өзі қояды
3) өтірік жазу жоқ!
4) барлық сұрақтарға жауап берілуі тиіс