Танысу!

Танысу!
жеке
блог

Менің есімім - Айзада! Мен Массагетпен 2 ай бұрын таныс болдым! Бір сайттардан керегімді іздеп отырып, осы "осы ғажапқа" қалай тап болғанымды өзім де байқамай қалдым! 1 ай бойы тіркеле алмай жүрдім! Алдымен барлығыңыздың жазған блогтармен таныс бола бастадым! Әлі оқып жүрсем де шетіне жетер емеспін! (Желіде 24 сағат бойы отыру мүмкін емес...). Блогтарыңыз өте қызықты әрі Сіздер барлығыңызды танып, бір-бірлеріңізбен бас қосу жасап тұратын сияқты болып көріндіңіздер маған! Менің мамандығым журналистикаға мүлдем қатысы жоқ, "Мұнай және газ инженер-технологымын"! Бірақ, журналистиканы қатты жақсы көремін! Осылай жазбалар жазу, пікір алысу, т.с.с. жаныма жақын бір сөзбен айтқанда! Бұл - менің алғашқы танысу жазбам болғандықтан қате кетіп жатса кешірім сұраймын! Тіркелгеннен соң тағы 1 ай жазба жазуға жүрексініп жүрдім! Бүгін жазуға шешім қабылдадым! Түсінбеген жерлерім болса көмек сұрап отырамын! Сіздерге алдын ала рахмет! Мені түсінеді деген ойдамын! Ауылдық жерде тұратын болғандықтан, ғаламторға енді ғана қолымыз жетіп жатыр! Массагетпен таныс болғанда көп қызықтан құр қалып қойған жандай көңілім алабұртып қалды! Алайда ештен кеш жақсы, талай қызық алда деп ойлаймын!