Таныссақ, танысайық! Кезексөз
блог
Ойыбойй, эстафета таяқшасы деген осындай болады екен ғой деп жатрмын...)) Рақмет, елеп-ескеріп таяқшаны ұсынған Сәкен ағама үлкен алғысымды білдіремін. Ендеше, көп созбайын, бастайын!
1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет
Сағындықова Меруерт Сұлтанның қызы деген мен боламын!)) ҚазҰУ-дың 2-курс студентімін. Маңғаз Маңғыстау өлкесіндегі ақ маржан қала Ақтауым – менің туған жерім! Қазіргі таңда әсем Алматының төріндегі қара шаңырақ ҚазҰУ-дың жатақханасының тұрғындарының бірі осы қыз...))) Мінезім қызық, қырсықтығым бар, тұйықтығым да бар, бірақ бәрі көңіл-күйіме байланысты. Кейде тіпті, менен көп сөйлейтін адам жоқ. Өзіне тән сабырлылық пен ұяңдық, батылдығы да бар.. Әрбір өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен орындайды.
2. Хоббиің не?
Бір сөзбен хоббиім мынау деп жауап беру қиын болып тұр...Өзіме ұнаған нәрсеммен бар ынта-ықыласыммен айналысамын. Музыканы ұнатамын, ұнап қалған әндердің жинағын құрастырғанды ұнатамын, домбырада ойнаймын, жыр-термелерді тыңдағанды ұнатамын. Адам өскен сайын қызығушылығы да өзгере береді екен. Мектеп қабырғасында сурет салғанды ұнататынмын. Қазірлері фотоларды жинағанды, түсіргенді ұнатып жүрмін, қысқасы фотоға деген қызығушылық басым болып тұр. Сонымен қатар, қызықты кітаптар да менің назарымнан тыс қалған емес, соңғы кездері шет ел әдебиетіне әуес болып жүрмін.
3. Қай елге саяхат жасағың келеді?
- Алдымен өзім тұратын Қазақстанның қалаларын аралағым келеді, содан соң шет елге... Франция елінен бастасам...))
4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)?
Білмей тұрмын, балық болып көру керек екен деген бір сәттік ой келді...)))
5. Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?
Өмірлік ұстанымым – тек қана алға!
«Әр күн сайын құлшынып,
Әр күн сайын түле бір.
Мәңгі күрес – тіршілік,
Мәңгі майдан – өмір!» (Қадыр Мырза Әли)
6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?
Біздің бұрынғы анкеталарымызда бұндай сұрақтар болмайтын...)) Өте сондай бір өзі қызық сұрақ екен...)
7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?
Бұрын мына жазбамда айтып кеткендей, крышам түзу...))) Жақсы көруге лайықты адамды әлі кездестірмедім...
8. Сүйікті әншін, әртісін, саясаткерін (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?
Негізі кумирым деп енді тіптен табынып, әулие көретін адамым жоқ. Маған ұнайтын әншілер тобы - «Жігіттер» квартеті, әндері қатты ұнайды; ал осы жақыннан бері Асылхан Толепов сүйікті актерыма айналып бара жатыр...))) Актерлық шеберлігіне риза болдым...
9.Сүйікті спорт түрі?
- шахмат, үстел теннисі.
10.Сүйікті кино? неге дәл осы кино?
- «Три идиота» деген комедиялық жанрдағы үнді фильмі. Неге дейсіз бе, құрбыларым осы киноны қоймай көр деп ұсыныс жасады. Әрі үшеуінің кейбір қылықтарын құрбыларымыз (екі құрбым және мен) бір-бірімізге ұқсаттық...))
11.Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)
- ер адамның рөлі жоғары деп ойлаймын.
12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?
- негізі келісу керек шығар, келісіп ортақ бір шешіммен кімнің ұстайтыны шешілетін болар..
13. Қазақстандық әр отбасында қанша баладан болу керек деп есептейсің?
- Көп болғаны жақсы сияқты...Меніңше, минимум 3 бала болу керек деп есептеймін..
Анкетаны ұсынатын адамға қояр сұрағым:
- Сіз алтын балық ұстап алып, балық сізге «ал, айта бер, үш тілегіңізді орындаймын» деп тұрса, қандай тілектеріңізді айтар едіңіз?
Эстафета таяқшасын Абзал Сариевке ұсынамын, қағып алыңыз!