Танысайық қазақ елінің жанашыр жастары.

Танысайық қазақ елінің жанашыр жастары.
жеке
блог

                 Армысыңдар  массагет жастары! Бұл сайтқа тіркелгеніме көп уақытта болған жоқ. 1,2 рет блог жаздым,қызығып. Сайттың қызықты жаңалықтарын асыға күтемін.Блогтарды оқып,пікір қалдырамын. Сайт керемет,айтар сөзім жоқ. Жаныңа не керек,барлық мақалалар бар. Бір байқағаным,жаңа блоггер өзін таныстыру керек екен.

    Ал өзім жайлы айтар болсам,есімім Ғазиза. Жанұялы жанмын,4 жасар қызым бар. Шағын дүкенде өзім ие,өзім сатушымын. Сайтқа планшет арқылы кіремін. Планшетті алып берген отағасына мыңда бір рахмет. Сол техниканы шұқылап жүріп,өздеріңді таптым. Газет журналды көп оқушы едім,оны ұмыттым. Массагетке қарай асығам. Сайт жап-жас болсада,қаламгерлері мықты. Өзім сияқты қалжыңды сүйетіндер көп екен. Шырайлы шымда Кентау қаласында өстім,бірақ арайлы Алматыда дүниеге келгенмін. Осы Алматыда ҚазҰАУ оқуымды бітірдім. Сыр еліне келінмін. Қазіргі таңда Алматы қаласындамын. Студенттік шақтарым қызықтарға толы болды,алдағы мақсатта блогқа жазып бөлісермін. Көбіне қолым бос емес,клиент көп,оқып қана үлгеремін. Араларыңда сатушы апкелеріңді ұмытпаңда,ия. Сендерді жақсы көремін. Араларыңда жазушы,ақын,тележүргізуші,теміржолшы,әнші,суретші т.б көп екен. Клиенттер келіп ойымды бұзды ау. Әзірге осы сау болыңдар. . . . . . . . .  .