Сәлем, достар! Таныса отырайық) Желтоқсан айы... 11 күн, қақаған аяз, күн борап тұр... Ана мен бала арасындағы өмір үшін күрес. Иә, иә "Өмір үшін күрес"... Таң атқанда өмірге 7 айлық қыз бала келді, салмағы 900 грамм) Оның өзі орап, 900-ге жеткізген екен)) Не бала аман қалады, не анасы аман қалады деп,- болжаған дәрігерлер. Сәби бола жатар, ақ халатты абзал жандар анамды аман алып қалуға бар күштерін салған екен. Алланың қалауымен көрер жарығымыздың болғаны ғой) Шүкір, қазір сол қыз бала бойжеткен, жазба жазып отыр) Есімімді әжем қойған, таңда тұрып, сиыр саууға бара жатса, аспанда жарқырап"Шолпан" жұлдызы жанып тұр екен. Жарқыраған жұлдыз болсын деп Шолпан қойған екен) Ең бастысы аман болайық! Алдағы уақытта блог жазып, сіздермен танысып, дос боламын деген сенімдемін!