"Таныс болайық сұхбаттан" немесе ең жас продюсер Бағлан Әуелбеков!
жеке
блог
блог
Құрметті,Массагеттіктер баршаларыңызға көптен өзім тоқтаусыз жарнамалап жүрген жас жобалардың,анығырақ Қыран тобының, Қанат Үмбетов және Әлішер Қайратұлының продюсері Бағлан Әуелбековтен алынған сүхбатты үсынамын. Сұхбат Әлішер Қайратұлы мен Қыран тобының "Алматы түні" атты ән кеші алдында алынды. Концерттің неге тегін және қандай мақсатта өтуі мен тағы да басқа қызықтар жайында....
-Бүгінгі концерттің тегін өтуі не себепті?
-(Қатты күрсініп) Негізі, тегін өтуі, жалпы жұрттың бәрінен естуімше бізде бәрі есеп беру концерті деп ойлайды екен, бұл жай тыңдармандардың санын көбейту. Әлішер кеше ғана шыққан әнші шыны керек, ал Қыранды бірі білсе бірі білмейді, бірі әнін білсе кім айтып жатқанын білмейді. Сондықтан біз тыңдармандарға осындай әніміз бар, осындай бейнеклипіміз бар деп таныстыру мақсатында. Ал тегін беру, зал тегін беріп тұрғаннан кейін тегін берейік деп шештік. Алла нәсіп етсе, халыққа ұнап жатса келесі жылға дайындаламыз!
-Концертке адам жиналмай қалады деп қорықпайсыз ба?
-Ондай ешқандай қорқыныш жоқ, шынын айтқанда. Өйткені бесплатный концерт.Кеше ғана ҚызПУ-ға концерт бергенбіз, басында ойладық, қобалжыдық, қанша студент болады екен деп 2000 аса студент болды. Өзіміз таң қалдық. Шүкіршілік, енді, бүгін жақсы болады деген сенімдіміз.
-Қандай кеш қонақтары болады?
БАсты енді Алла қаласа Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов ашып береді атамыз. Бұрынғы тарихта қалған адам десек те болады, солардың бірі ашып береді. Сол кісінің жолын бұйырсын деген оймен, содан кейін атамыз батасын береді. Жалпы негізі көп адам ктіп жатқанымыз жоқ, өзіміздің концерт болған соң өзіміз айтамыз. Одан кейін Саят Медеуов болады.
-Қателеспесек қазір қол астыңызда 3 жоба бар, ол Әлішер Қайратұлы, Қыран және Қанат Үмбетов? Басқа жоқ па?
-Жоқ. Осы үшеуін жеткізіп алсам маған сол да жетеді деп ойлаймын.
-Әлішер Қайратұлын қайдан білесіз?
-Жалпы сол өнер жолында таныстық. Студияда сол.. Және екі жақтан да ұсыныс түсті, әкесінен және менен де. Келістік. Бір-бірімізді көрдік, таныстық, білістік. Менің жұмысым ол кісіге ұнады, ол кісінің жасаған жақсылықтары маған ұнады. Одан кейін ары қарай жұмыс жасадық. Әлішер, Құдай қаласа Қайрат секілді хит болғанша өзім жасаймын деген ойдамын.
-Топтан бір емес, екі бірдей жігіт кетті. Біріншісі Қайсар болса, екіншісі Думан. Не себеп болды кетулеріне?
-Олардың кетуіне ешнәрсе себеп болған жоқ. Енді, жігіттер ары қарай жауап берер. Мен оларды жамандап немесе жақсы дегім келмейді. Қазір олар менің тобымда емес. Сондықтан мен оларды қолдағым да келмейді, қолпаштағым да келмейді. Мен оларды тек әнші ретінде көремін.
-Жігіттердің топтан кеткеніне қарап тұрақты емес топ деген ой қалады деп ойламайсыз ба?
-Ондай ой болды, қорқыныш болды. Соның дәлелдеу мақсатында концерт өтейін деп жатыр.
-Жұрт екеуін қалай қабылдап жатыр?
-Керісінше, жұрттың айтуынша осылай жақсы деді маған. Көбісінің қолдауы осылай болды. Осылай ұнайды бізге немесе осылай болсын деп. Енді әр түрлі ғой, халықты түсінбейсің ғой бірі былай десе, бірі былай дейді.
-Тагы бір үтікпен оқиғаны естідік, ол жайлы не айта аласыз?
-Үтікпен ешқандай оқиға болған жоқ, шынын айтқанда.Ол енді мүмкін, Қайсардың өзіне керек PR болған шығар. Мен, НТК арнасы звондаған кезде мен түсінбедім де. Не үтік, қалай болды?! Өзім түсінбей қалдым, өзімнің күлкім келді. Бірақ айтатынымды телевидениядан айттым.
-Қазір басыңыз боос. Үйленетін ойыңыз жоқ па?
-Қазір жұмыс ауыр, тура ондай уақыт жоқ, шынымды айтсам. Қызым бар.
-Өзіңізді қандай продюсермін деп ойлайсыз?
-Мен өзімді әлі продюсермін деп айта алмаймын. Халық бағасын беріп жатыр ғой. Концерттерден көрсін немесе жұмыстардан көрсі. Қашан менің әншілерім өзін дәлелдейді, сол кезде мен... олар мені көрсетеі деп ойлаймын.
-Жігіттерге қазір ешқандай талап қоймайсыз ба? уйленбеңдер дегендей..
- Ондай менде ешқандай талап жоқ. Менің жұмысыма кедергі болмаса. Ол бәрібір мен қысып ұстап тұрғанмен, Алла тағаланың бұйрығы болса үйленеді.
Рахмет
Сухбаттаскан-Аружан Дуйсен