Танымал Серік

Серік деген біреу жанында жолдасымен келе жатса МАИ-лардың бәрі қол көтереді дид. Секең:"бұл жәй ғой маған облыс әкімі өзі келіп сәлем береді"дейді. Әкіматқа барса,обл әкім жүгіріп шығып"секе,жақсысыз ба?" деп жалпаңдапты.Секең досына"Бұны қой,маған елбасымыздың өзі осындай құрмет көрсетеді"депті. Ақордаға барыпты екеуі.Нұрекең шығып "Секе,қандай шағымыңыз бар?"дейтін көрінеді.Секең досына"Барак Обамамен қалай сөйлесетінімді көресің бе?"депті.Екеуі АҚШ ұшып кетеді.Әуежайдан күтіп алған Обама"Секе,ет асып қойдық, неше күнге келдіңіз?"дейтін көрінеді. Секең жолдасына"Жүр Рим папасына барып қайтайық" депті. Содан Ватиканға келеді. Рим папасы отырған тұғырдың жанына келген соң"Сен осы жерде тұра тұр,мен өзім амандасып келейін кәрі қақпаспен" деп Секең жоғары көтеріліп кетеді. Шамалыдан соң қайтып келсе досы талып жатыр дейд. Бетіне су шашып"Әй,саған не болды?" десе,досы"Сен Рим папасының қасында тұрғаныңда маған біреу келіп"анау Серіктің жанында тұрған кім?" деп сұрады" депті






Бөлісу: