Танымал желі

   Бәріңізге белгілі қазіргі таңда ең танымал желілердің бірі-ТикТок.Сонымен қатар тик-токерлер мен тик-ток қолданушылары да,аз емес.Осыған орай ел басшысы-Қасым-Жомарт Тоқаевта,тикток желісін қолдағанын,оған оң көзбен қарайтынында айтқан болатын.Тикток желісі жас талғамайды.Оны тиктоктағы еңбектеген баладан,еңкейген кәріге дейін,тикток желісін қолданатынынан,және тіпті түрлі бейнелер түсіріп салып жатқанынан,көре аламыз.Көпшілік адамдар ТикТокер атанып кетіп,қаншама тіркелушілер жинап,танымал болуда.Сонымен қатар,бұл желі табыс көзіне де, айналып бара жатқандай.Мүмкін сол себепті де, жастар қауымы ТикТокер болуға тырмысып жатқан да болар.Бірақ, кейбір адамдар еңбекпен танылғаннан гөрі,оңай жолмен көтерілудің жолын тапқандай.Яғни,хайп қуалап адамның ойына келмейтін әрекеттер жасау арқылы да,танылғандар жоқ емес.Себебі, тикток желісінде пайдасыз,мағынасыз,бейнелер өте көп қаралым мен,лүпіл жинап кететіні тағы бар.Бұл жерде мен бұл желіні жамандағаным емес.Дегенмен ондай контенттер арқылы экранның арғы бетіндегі енді өсіп келе жатқан жас бүлдіршінді құртамыз.Ал біздің болашақ осы бүлдіршіндердің жас жеткіншектердің қолында.Түсіремін деген адамға түрлі пайдыл контент жетіп жатыр.Сонымен сөз соңында айтарым,ең дұрысы Тик-Токты өзімізге де өзгеге де пайдасы тиетіндей қылып контент түсірсек тиімдірек болмақ. 



Бөлісу: