Танымал болғың келе ме?

Танымал болғың келе ме?
жеке
блог

Танымал адамдардың көбінің жеке өмірде жолдары болмай жатады. Ешкім еріккеннен отбасын бірнеше рет құрмайды. Солай емес пе? Соған қарамастан, көбі танымал болуға тырмысады. Атағым шықса екен, елдер мені танып, қолтаңба алса екен дейді. 

Біз үшін, қарапайым халық үшін танымал адамдар тек өзі танылған бір қырымен ғана белгілі. Мысалы, президент. Құдды темірден жаралғандай. Бір күні таңертең батыста, түсте шығыста, кеште Қытайда, түнде Қырымда жүреді ))) Біз үшін ол барлық жағынан идеал болу керек. Ал ол мысалы сөйлеп тұрып шатасып кетсе, қырық күн күлкіге айналдырамыз. Кез келген танымал адам өз ісімен қатар, барлық жағынан мықты болуы керек. Жеке өмірінде, ішкі сезімдерінде ешкімнің шаруасы жоқ. ))

Жалпы танымалдылық осынау бес тұтам өмірде ұмтылуға тұратын нәрсе ме? Танымал болғың келер ме еді?

Ақерке: Иа, тек жақсы атыммен ғана... "Жер өртеп шығаратын" аттан Алла сақтасын. Осы өмірге бір-ақ рет келген соң, артымда мені танитын адамдардың көп болғанын қалаймын. Өзім де осы жөнінде үнемі ойлаушы ем. Танымалдылық адамды өзгертеді дейді ғой. Мен сол өзгеріспен күресіп жүріп қырсыққанда танымал жан болғым келеді!)) Болатыныма сенемін де! Тек Алла берген ғұмырым соған жетсе...

Данияр: Танымал болған жақсы, егер жақсы жағынан болса, егер "атың шықпаса, жер өртенің" күйінде ел таныр болса оның еш қажеті жоқ. Танымалдылықтың - өз тәттісімен қатар, қатты жақтары жүретінін ескерсек, оларға қызыға қоймайсың, сәл олқылығың болса жалпақ жұртқа жария деп есептей бер, сондықтан оны ұстап тұру да қиын. Танымалдының мойнында артық міндет тұратыны тағы бар. Сондықтан ба, танымал болуға талпынбаймын да, жоқ ол жауапкершіліктен қашқандық емес, өзіме артық назар ауғанын қаламаймын, жалпы қарапайым өмір салтын ұстанған күйі жүре берсем деймін, кім біледі дегенмен ғайыптан тайып танымалдылық келсе, өзгермеймін деген қағидам бар)

Бекзада: Мен осы жолда еңбектеніп жүрмін. Танымал болған жақсы ғой. Қатты танымал болсам деймін!

Айгерім: Мектеп қабырғасында жүргенде теледидар қарап отырып, Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлмира Дайрабаева, Назира Бердалы сынды апайларға қарап менде осы кісілердей танымал болсам ғой, теледидардан сойлесем деп армандайтынмын, осы арманды Алматыға арқалап келген едім. Бірақ көп нәрсені көрген соң, ол ойымнан бас тарттым. Танымал болғым келмейді, тек адамдарға пайдасы тиетін кәсіпті меңгеріп, қарапайым адам болып өмір сүргім келеді.

Жасұлан: Танымал болғым келмейді. Танымал адамдардың жеке өмірде жолдары болмайды. Негізі білесіз бе, мен өзімді белгілі бір дәрежеде танымалмын деп есептеймін ))) 

Ал сенің танымал болғың келе ме?