Тәнім бір, жаным бірнешеу

Тәнім бір, жаным бірнешеу
жеке
блог

Өзіммен –өзім арпалысам да жүрем.

Ішімде негізі біреу отыр. Тек сыртым ғана біреу, ішімде екеу немесе бірнешеу... Бетперде кием. Әркімге әрқалай. Өзімде неше бетперде өзі?

Сұхбаттасым менімен қай бетпердесін киіп сөйлесіп отыр екен? Кендзабуро Оэнің бетперде туралысын оқыдыңыз ба?

Адам сөзінің өзі бірнеше синонимде түрлі мағынада қолданылады. Адамгершілік пен пендешілік бір-біріне кереғар ұғымдар. Адамның жақсы және жаман қасиеттері секілді.

Көптеген жағымсыз қасиеттерді пендешілік дей салатынымыз қызық бәрінен. Пенде болған соң...дейді. Біреуді өсек қылдың, пендешілік пе? Біреуді өлтірдің, ол да пендешілік пе? 

Ешкім періште емес. Осы сөзбен өз-өзімізді ақтаймыз. Өзіміздің шалыс басқан қадамымызды ақтаймыз.

Бәрі түптеп келгенде қу құлқынның қамы. Өзіңді өзгеден артық көрсету. Негізі адам бәрін анасы үшін де, бауыры үшін де жасамайды. Өзі үшін істейді. Бұл барып тұрған әділетсіздік, солай емес пе?!

Жалпы өмір тұнып тұрған әділетсіздік. Бірің өліп, бірің қал, бірақ өмір расымен әділетсіз. Жұбатпаңдар. Менде бәрі бар. Толыққанды адаммын. Бірақ, қалайша мейірімді адам бәр сәтте жауыз боп шыға келеді? Қалайша мен қанша адам болайын деп тырыссам да, ашуланған кезде, өз-өзімді танымай қалам?

Ия, тәнім біреу болғанымен, жаным бірнешеу...