Таңғы Алматы
блог
Сағат тықылы жалғыздықта отырған менің әбден діңкемді құртты. Ақыры шыдай алмадым. Қолыма фотоаппаратты алдым да, таңғы Алматының жалғызсырап тұрған көшелерін аралап кете бардым.
Жүріп келемін, ойланып келемін. Адам өмірі бекеті мол жол секілді. Кей жерде көлігің — санаңды ретке келтіру үшін ұзақ тоқтауға тура келеді. Өмірде без-берекет жүре беруге болмайды, межелі орнын болуы шарт. Дәл мына сурет секілді...
" Бастау "
Дәл сол жолмен серуендеп жүріп, көптеген жанды жолықтырасың.Кей адамдарға қарап отырып жан баласына сыйлар жылулығы мен махаббатының шексіздігін көріп "сәуле"деп еріксіз атағын-ақ келеді.
"Сәуле"
Жол болған соң соқпағы мол болады. Кейде ойыңнан бас тартып, қайта артқа жүруге мәжбүр боласың. Қараңғылықта адасқандай, жолдың қақ ортасында қаласың. "Артқа шегінбе!",-деп ұрандатқанмен кейде бұрылыс жасап бағытыңды өзгерткеннен саяхатыңның аяқталмайтыны анық.
"Бұрылыс"
Шынайы достарды іздеп әуре болып керек емес. Сапарымызда қасымызда екі-үш күн әңгіме-дүкен құрып, кейін түрін де ұмытып қалатын жолсерікпен танысуымыз әбден мүмкін. Кейде қасымыздан мәңгі қалмайтын, бірге "өмір көрейік" дейтін шынайы жолдасымызды жолықтырамыз...
"Мен жалғыз емеспін"
Сеніңіз! Сіз - шытырман оқиғалардың кейіпкерісіз. Сіздің өміріңіз - жанрлардың тоғысқан ортасы. Лирика, фантастика, романтика мен драма, тіпті сатирада сіздің "жекеменшік романыңызда" кездеседі. Біреулер мына әлемде ғаламаттың барына сенбеген соң "очеркпен" шектеледі. Сіз ұлы жазушы болыңыз. Өз өміріңіздің жазушысы...
"Арманымды бұлттарға айтшы, бақбақ гүл"
Мен ғажайыптың барына сенемін. Оған сенуді мамыр айында иісі мұрын жарып, қолымызға ұстап алатын мамыргүлдің бес күлтешелі гүлін тауып алғанымда-ақ бастағанмын. Аяз атаның алдамшы екенін, жалмауыз кемпірдің де ойдан шығарылғанын біле тұра , сол мамыргүлді жұта салып тілек тілегінімде-ақ ғажайыптың барына кіршіксіз сенгенімді ұғындым...
"Мен - ғажайыппын"
Менің ешкімге айта бермейтін мақсаттарым бар. Дәл сіз секілді... Мақсаттарыңыз айқандалған сайын саяхаттау да жеңіл болады дейді "ұзынқұлақ". Ал, мен тауға саяхаттап бара жатқанымды айтсам, не дер едіңіз ?!
" Тау болып тумадым мен, әттең"
Кейде тығылып отырып жылап алуға тура келеді. Іштегі ашу мен ызаны, сағыныш пен өкпені көз жасыңмен бір шайып өтесің. Табиғат та жылайды. Алматы - жылауық қала. Бірақ, бүгін таңның көз жасынын куәгері болдым. Ол да тығылып жылайды екен...
"Әй, адамзат, мені жылауық дей көрме..."
Жол жүру кезінде сақ болу шарт. Қауіпсіздігіңіз ақсап қалмасын...
"Кешір мені, "і"..."
Ешқанда ақшасыз "Автостоп" арқылы саяхаттағандарды естіген боларсыз. Өмірдегі сапарға қаражаттың керегі шамалы. Тек, жүрегіңіз алтын болса болғаны...
" Жүректің үні құндырақ ..."
Ал мен ше? Менің сапарым қалай басталды? Таңертеңгі 9-да "тал түс болды" деп оятып алатын ата-әжемнің ыстық құшағынан суырылып шығып, үлкен қадамдар жасау үшін жалғыз саяхаттауды жөн көрдім. Дәл таңғы уақытта 20 секундттық жолақ жолды жалғыз кезіп бара жатқан "батыр" секілді...
"Жалғыз батыр"
Сапарымды енді ғана бастадым. Оның аяғы қалай болары өзімізге тікелей қатысты. Бәрінің соңы болады. Тек менікі әзірге аяқталмаса екен деймін. Әйтпесе, үлгермеймін бе деген қорқыныштың құшағында тұншығып қалатындаймын...
"Сіз саяхатты қалай аяқтамақшысыз?"
Осындай мазасыз ойлармен арпалыстан соң үйге қайта оралдым. Мен шыққан кездегі тыныштық өзінің тас қамалынан босап, шулы қаланың кейпіне қайта оралған. Адамдардый ойлануға шамасы жоқ. Қарбалас тіршілік, асығыc әрекет... Ал, уақыт жылжып жатыр...
P.S: Бұл суреттерді түсіруге 2 сағатымды жұмсадым. Ешқандай өңдеусіз сіздерге ұсындым. Өйткені, өңделіп, жасандылыққа былғанған суреттерден ғөрі, шынайы қалпында жеткізілген суреттер әлдеқайда сезімге бай болады деп есептеймін.