Таңдау

Таңдау
жеке
блог

Білесіздер ма, жолда жүргенде бір ойынды ойнағанды ұнататынмын. Әрине бұл ойын рөльде отыратын адамдарға емес, өйткені ойды бұзады. Ойынның шартына келетін болсақ, үйден шығарда 3 санды таңдаймын, мысалы 123. Енді осы сандары бар көлікті іздеймін. Жұмысқа бара жатқанда немесе қайтарда, бірақ сол күні табуға талпынамын. Тура бір әдетке айналып кеткендей. Таппасам жаным жай таппайды. Ал тура сондай сандары бар көлікті кездестірген кезде балаша қуанамын. Көліктің маркасына, түсіне, жағдайына да қарамаймын. Осы ойынды ойнап жүріп, маған бір ой келді.

Біз өзіміздің жартымызды тапқан кезде, нағыз теңімізді, жігіт болсын бойжеткен болсын, оның түріне, мінезіне, материалдық жағдайына қарамаймыз. Біз үшін сол адамды табудың өзі бір ғанибет болады. Осыдан ақ бір тұжырымға келуге болады, нағыз махаббатын тапқан адам екінші жартысын ешкіммен салыстырмай, ешқандай мысалдар келтірмейді.