таңданып барып таңдаған.
блог
"Мына жастар не болып барады өзі"-, деп бір ару жағымсыз дауыспен айғай салды. Артыма қарайласам, қазатың қара домалақ бір қызы қып-қызыл алмадай болып егіліп тұр. Жүрегім тұнжырап осы бір қызды тұңғұйық сапарына алып барған қандай қатігездік, деп әлгі қызға беттей бердім. Қыз орнынан қозғалар емес. Аяулы қарындастың қаланың ортасында айғай салғаны, қай қазақтың болмасын жүрегін елжіреткені анық. Қыз қасына барып жұбатпаққа бел будым. Қыз қасында отырған маған бір қарағанымен, мән де бермеді. Сасқанымнан:
- Кешіріңіз сізге не болды тыныштықпа дегенннен басқа аузымнан артық сөз шықпады. Қыз бір бұрылып қарады да;
- Бәрі де өткінші өмір ғой деп жымия қарады. Мен түсінбедім, жаңа ғана жан даусы шыққан мына қыздың неге қылымси қалғанына. Бір кезде ол маған:
- Мына семіздік сезімімнің барлығын күл талқын қылды деді де әңгімесін бастап кетті. Саяжай тыныш әлгі қыздың әңгімесі біразға созылатын да ұққан сыңайлымын. Әңгіме айту барысы, салмақты, ойын қорыта айтуда.
Өзім студентпін. Жастайымда жүрегім нашар соғып, сорымды шығарды. Семіздік деген кеселге ұшыратты. Артық қимыл жасасам өзінен өзі толқып дем жетпей де қалады. Мектепте тек сабақты ойлағандық тан ба жігітке көңіл көп бөлмеппін. Оның үстіне ата анам да сыртқа аз-маз шығармаса артық қимыл жасатпайтын. Содан Алып алматыға арманымның жетегіне еріп келдім, қалаған оқуыма, қалаған университетіме оқуға үстім. Танысқан құрбыларым да жақсы болды, Кейіннен: "менің жігітім мынандай, оған мынандай қыздар ұнайды деп стильдерін өзгертіп, өресі жеткен жерге дейін баратынды шығарды. Шамадан тыс шаттануын да қойды. Сөйтіп жүргенде мағанда бір серінің жолы түсіп, таныса кеттік. Жан сырымызды бірімізге ақтара-ақтара бауыр басып қалғанымызды да ұмытып кетіппіз. Кейіннен жүріп те кеттік. Маған оның айтқандары ақыл болып, жаныма медеу болса, менің айтқандарым оның да санасына жетп те жатты. Арада алты айда өтіп кетіпті-, деп қыз бөтелкедегі суын ішіп әңгімені ары қарай айналдыра кетті.
Содан жақын арады бір туған күнге бардық, бәрі өз жұптарымен келген арасында бізде бармыз. Кенет таң ата жігітім сыраға сылқия тойып алып;
- Сен маған ұнамайсың, сен семізсің, енді мені мазалама осы соңғы кездесуіміз болсын деп былжырады да мені досына таксиге салып жіберуін өтінді. Мен қатты ашуланып булыққан күйі далаға жүгіріп шығып үйіме қарай зыта жөнелдім. Жаңа хабарлассам, "үндемей телефонды тастай салды"-, деді де телефонды тастай салды.
Содан сәл ашуланып айғай салғаным да сол. Енді бәрі де қалыпқа түседі.
- Неге? деген сұрақ көкейімде тесіп барады.
Қыз сәл үнсіз тұрды да. Алдамшы өмірде сыналған сынақтың бірі шағар бәлкім. Семіздік менде ғана емес басқаларда да барғой, деп өзін жұбатып та қояды. Содан:
- Енді не істемек ойың бар деп едім,
Енді аруға қолымнан келгенін жасаймын жүгіремін, түрлі дене жаттығуын жасаймын. Жақсы мүсін қалыптастырамын да әлгі жігіттен өшімді аламын. Енді ренжімесеңіз мен кетейін, деді де сылбыр басып теңселе кетті.
Жылаған қыздың жүрегінде өшпенділік барына қапа болдым. Бүгін жылаған қыздың ертең алдынан шығарам деген өшпенділігінен қоқып та қалдым. Бүгін біреуді жылатсаң, ертең өзің жылайсың. Бір - біріңді жылатпаңдар бұл жалғанда.