Таңдаған оқуыма түсе алмадым...

 

Иә... 2009 жылы ҰБТ-да әдебиет пәнін таңдап, одан 15 балл жинағам. Сөйтіп, мына Жүргеновке оқуға тапсырғам. Басында режиссерлық мамандыққа деп келіп едім, бірақ апайлар айтқан еді: көбісі өздерінің киноларын түісіріп келген деп. Сөйтіп, продюсер мамандығын ұсынып еді, жақын тартпадым. Кинотанушылардың кабинетіне отырғызып қойды, содан соң кинотеледраматургия мамандығына қағазын берді. Сол кабинетте отырдым. Ұялшақпын. Теледидардан "Келінді" көрсетіп жатыр ағайлары. Рецензия ма, бірдеңе жазады екен. Өзім сияқты қарапайым жігіттер мен қыздар әлгі жерде. Мен қасқа ұялып... Төмен қарап... Жоға, төмен қарағам жоқ. Нормально отырдым. Бір кезде кинотеледраматургияға апарды, екінші қабатқа ма, ұмытып қалыппын. Іші толы картина. Айтпақшы, әлгі кинотанушы ағай емтиханның сұрақтарын берді. Сол қазақ киносына қатысты сұрақтар мен әдеби шығармалар. Сол кинотанушы ағай сол жылы бітірген екен Жүргеновті. Алып қалған ғой өздеріне. (Мәссаған! Соған дейін де ұмытпағам ба!?) Сөйтіп, ертеңіне Жүргеновтің кітапханасына келдім, А4 қағаздарына жәймендеп шетінен жаза бастадым жауаптарын. Бір он шақты парақ болған шығар. Қара ручкамен жазғам. 2 аптадай консультация болды. Үлкен кісі болды, аты-жөні есімде жоқ. Менің қазіргі ұстазым Серік Асылбекұлы 2008-ге дейін ғана сонда қызмет етіпті. Жүргеновтегілер жақсы таниды, әйтеуір. Консультацияға бара жүріп Аягөзбен (айтыскер ақын қыз, Айнұр Тұрсынбаеваның мақамы), Елдоспен (ол да домбыра ұстап жүретін), т.б. қыз-жігіттермен танысқам. Елдоспен сол жердің асханасынан да түскі асты тамақтанғам. Аягөздер менен әлгі он парақты ксерокстап алған. 2 кезең болды шығармашылық. Екеуінен де маған төмен балл қойды. Бір күні кітапханаға Аягөздер кіре алмай тұрған. Паспорттары жоқ тұғын. Мен бердім де, ертең алармын дегем. Бірақ ойланып қалдым да, үйге барсам, ұрсып жүрер деп, күттім астында. Аягөз бен қасындағы қыздың есімін ұмытып қалдым, түрін де, екеуі кеп мұндамысың деп, қарқ-қарқ болғанбыз. Менің ұялшақтығыма таң қалған екеуі. Сол құжаттарымды әкететін күні соңғы рет көрдім. Осы кезде бір жағынан сол жолдастарымды іздеймін. Айтпақшы, Тараздың бір қызын ұнатып қалғам, есімі Бағлан ба, Бағдат па, ұмытып тұрмын. Суретшілік па, әйтеуір, сондай бір мамандыққа тапсырып жүрген. Қызық болған. Мен онымен танысқым келді. Ол кітапханадан шықты, мен де кітаптарды өткізіп, ізінен жүрдім. Ол тезірек шығып, алыстап кетіпті. Жүгірем деп ырсылдап қалдым. Жетіп барсам, шошып кетті маньяк па деп. Сөйтіп, есімін сұрай алдым, қай жерден екенін, қай мамандыққа тапсырып жатқандығын - болды. Шығарып салайын ба десем, тәтем келеді деді. Одан кейін жоламадым. Қасқа, мен ұялшақтан ондай да нәрсе шықты-ау. Бір күні таңертең кітапханаға ерте барсам, есік алдында бір орыс жігіт тұр. Күзетші ағай че там десе, сабаққа қатыспағам, сол үшін шығарып жатыр деген әлгі орыс жігіті. Бұл күні сол бірге тапсырған ұл-қыздардан ұяламын, жасқанамын, шыны керек. Қарындасым жаңа ВК-дан оқып қалды ма, осы июнь айының 3-6 аралығы актерлардың дипломдық жұмысы болады екен, спектакльдерді қояды, соған Жүргеновте болады, кіру тегін деген. Енді иншалла барғалы отырмын. Бәлкім, сол кезде бірге тапсырған ұл-қыздарды көрмесем де, сол жерде болатын шығар олар да. Алла біледі. Эх, қазір доссыз да, дымсыз да қалғам. Қарқ-қарқ күліскен адамдарым көп еді, қазір ешқайсысы да жоқ жанымда. Жерге түскен жапырақтай болдым ғой солған...



Бөлісу: