"Тәні саудың, жаны сау "

"Тәні саудың, жаны сау "
жеке
блог

Спорт-адам денсаулығының кепілі екенін бәрі біледі. «Тәні саудың,жаны сау» деген сөздің мағынасын түсінетіндер спорттың қадірін біледі.

Спорт-ең алдымен бәсеке. Осы бәсекеде тек алғырлары ғана соңына дейін аяғында тік тұрады.  Үнемі алға ұмтылуға,үйренуге,тер төгуге баулиды. Тәулік бойы жаттығуды талап етеді.

Тоқтап қалмауға,ізденуге, өзіңді тануға, алға ұмтылуға үйрететін осы спорт. Бәсекелестік бұл жерде үлкен рөл ойнайды. Ең бастысы спорт-бейбіт бәсеке. Тәрбиелік жолда да спорттың орны ерекше.

Спорттың саясатта орны бар . Бейбітшілік елшісі-спорт. Елдің елдігін,ердің ерлігін танытатын, ұлттар достастығын да анық байқататын  осы спорт.

Еліміздің абыройын асқақтатып жүрген спортшыларды атап айтуға болады.  Ережесіз жекпе-жекпен айналысып жүрген отандық спортшыларымыздың қатары артып келеді. Солардың арасындағы ең алғырларының  бірі – Қайрат Ахметов. Бүркеншік есіміне келер болсақ өте рухты, патриотты таңдалған  – «Қазақ». Әр кездесуде жеңіске жеткен сайын нақышына келтіріп «Қара жорғаны» билеп, көрермендер көңілін  көтеріп, өзіне баурап алады. Халқымыздың ең сүйікті спортшысының бірі.  Сондай-ақ ережесіз жекпе – жекте ол – бірде-бір рет жеңілмеген еліміздегi жалғыз спортшы екенін атап өту керек. Еліміздің сыйлы азаматы, жастардың еліктеп жүрген,  туымызды биікке желбіретіп, елімізді танытып  жүрген Алаш прайд атты спорттық ұйымының мүшесі.  Қазақ атты лақап аты бар Қайрат Ахметовпен сұхбатымызды бастайық.

-Сәлеметсізбе Қайрат! Қош келдіңіз!

-Сәлеметсізбе, қош көрдік!

- Қайрат, алдыменен өзіңізді жақынырақ таныстыра кетсеңіз?

- Қайрат Ахметов Жұмабекұлы боламын, 1987 жылы Алматы облысы, Сарқант ауданы, Бақалы ауылында дүниеге келгенмін. Қазіргі таңда Іле ауданы, М. Түймебай ауылында тұрамын. Кішкентай кезімнен бастап осы ауылда өстім, яғни сол ауылдың тұрғынымын.

- Осы ережесіз жекпе-жек атты спорт түріне  ойыңыз қалай ауды? сізді несімен қызықтырды?

- Бала кезімнен бұл спорт түріне қатты қызықтым. Өзім грек-рим күресімен айналысамын, сол күреспен, спортпен шұғылдана бастамай тұрып, көптеген  бірлестіктердің өткізіп жатқан жекпе-жектерін теледидардан шаршамай көп көріп, жарыстарды қалдырмай бақылап, уақытымның басым бөлігін осыған бөлетінмін.  Спортша болсам екен, үлкен жетістіктерге жетсем екен деп армандай бастадым.  Осылайша аңсарым осы спорт түріне ауды.

-Осы күнге дейін қанша жекпе-жек өткізідіңіз?

-Осы күнге дейін 22 – ден аса жекпе – жек өткіздім, соның барлығын Аллаға шүкір жеңіспен аяқтадым.

-Ережесіз жекпе-жек – өте күрделі әрі қауіпті спорт түрі екенін білеміз. Айқас алаңына шыққанда сізде қобалжу болады ма?

-әрине, психологиялық жағынан қобалжу болады, жарыстың өзінен емес, қалай болады екен, қалай аяқталады екен деген сұрақтар туады. Төбелестің өзінен қорықпаймын, бірақ не дегенмен жұрт қалай қабылдайды екен, егерде жеңіліп қалсам қалай қабылдайды деп ойланамын. Енді ондай қобалжулар әлбетте болып тұрады. Бірақ, соның өзінде сабырлық сақтап, психологиялық жағынан дайындаламын. Жекпе – жек басталғанда оның бәрін ұмытамын.

 

- Жеңіске жеткен сайын «Қара жорға» билеп, көрермендердің көңілін баурап аласыз, осы жайлы айтып берсеңіз..

-Қара жорға биі өзіміздің Қазақстанның ұлттық биі болғаннан кейін, оны бүкіл әлемге таныту, қазақтың осындай биі бар, жері бар, туы бар екендігін  көрсетудің бір мақсаты. Көптеген жерлердежарысты аяқтағаннан кейін арнайы  тіктіркен киімім бар, соны киіп би билегенде, бәрі аң-таң қалып жатыр. Қазақстан деген ел бар екенін, қазақ деген  халқы міне осындай екенін біліп жатыр. Құдайға шүкір бұл ойлап тапқанымыз өзінің жемісін беріп жатыр.

- Алда күтіп тұрған жарыстарға дайындығыңыз туралы не айтасыз?

-Жарыстарға үлкен дайындығым бар. Дайындықты тоқтамай жүргізіп жатырмын. 

-Қандай жоспарларыңыз бар?

- Америкамен келісім-шарт жүргіздім, бір жылға қол қойылды. Қазақстанның туын көтеріп, Алла жазса үлкен жетістіктерге жетемін деген ойым бар. әзірше алдыма қойған мақсатым осы.

Сізге өнер жолында, өмір жолында да үлкен сәттілік бақыт тілеймін!  Сұхбат беруге келіскеніңіз үшін көп-көп рахмет, сізден сұхбат алғаныма қуаныштымын!