"Таң намазына тұрудың пайдасы"

Ерте тұру исламда былай түсіндіріледі: Таң азанында азан намазы шақырылар уақытта періштелер жерге қонып,сол уақытта оянып тіршілігін бастаған адамдарға ризық несібе таратады. Кім кешіксе сол күннің несібесінен құр қалғаны. Сол себепті таңғы ұйқыны қиып ерте тұру өте маңызды болып саналады.

1970 жылдары қазақ даласында А.Машанов атты ғалым "Таң намазының пайдасы" туралы ғылыми зерттеу жүргізген екен. Сол еңбегінде күндіз күннің көзі шығып кеткенде ұйықтап жатқан адам мен түнде ұйықтаған адамды салыстырады. Сол кезде таңда күннің көзі шығып кеткенше ұйықтаған адам көбірек жұтынады екен,өйткені түнде организмде бүйрек бауыр жайлап жұмыс жасап тәндегі токсиндерді,фотогенді микроорганизмдерді, керексіз заттарды ауыз қуысы арқылы шығарады.

Адам ерте оянбаса, потогенді микроорганизмдерде оянады да, олар көбейіп сілекей бөлініп,адам сол сілекейді қайта жұтып қояды. Ол токсиндер адамға пайдалы емес болғандықтан,адамда күні бойына шаршау,әлсіреу,кеш тұрса да ұйқысы қанбау,бас ауыру секілді күйде болады.

Ал ерте тұрған адам әрине,әрдайым энергияға толып,күш қуаты тасып жүреді. Ал бірақ негізінен таң да ерте ояну мен ояу жүру деген екеуі екі түрлі нәрсе. Таңда ерте тұрғанмен ояу жүру қиын. Егер сізде жоспар болмаса. Таңда ерте тұрып не істейсіз мысалыға? Таңда жәй ғана ерте тұрасыз,телефон қарайсыз т.б,бірақ ондайда сіздің таңда ерте тұрғаныңыздан пайда болмайды. Таңертең ояу жүру үшін сізде өзіңізге ертеңгі күнге жоспар жасап,сол жоспар бойынша ертеңгісін әрекет ету маңызды.

Ауыз қуысына жианалатын токсиндер микроорганизмдер жайлы естіп оқып жатқан кезде маған қызық ой келді. Бізде жалпы ислам да бар ғой "Таңда дәретсіз,жуынбай ас ішуге болмайды,дастархан басына жайғасуға болмайды"-деген.Мүмкін сол токсиндер,ағзадағы түрлі шлактар жуынбай тамақтанатын болсақ соны қайтадан жұту мүмкін деген нәрсе болар.Сондықтанда ерте осыншалықты маңызды болар деп.

Сіздерге ерте тұру пайдасы жайлы толық мағұлмат бердім және пайдалы болды деген ойдамын!

 



Бөлісу: