Күздің суық тағы өзегімнен өтіііп, автобус тосып тұрғам. 303 келе жатыр екен. Қуана-қкана отырып алдым. Қуанышым көпке созылмады. Кондутор мырза жолақыны сұрады. Әмиянымнан 5000 ұстаттым. Кеше кешке маңайымыздағы ешбір дүкен майдаламай қойғасын, бары сол 5000 еді. Айлығымнан қалған
- Неге түседі екенмін, жоқ әлде менің ақшам жоқ па? - дедім
- Саған таң атпастан 5000 тенгені кім ұста деді, - деп қояды.
- Менің міндетім жүрген жолыма ақша төлеу, сенікі қалған ақшасын қайтару, - дедім.
- Немене заңды жынды біліп қоясың ба? - дейді.
- Автобуста сен ғана ақылды екенмін деп қалдың ба? - дедім ашуым қысып.
- Сдачам жоқ болса туайын ба? - деді ол. Жігіттік болмысына жат қылық қой бұл.
-"Тусаң ту" деп айтуға аз қалдым, үлкен кісілерден ұялып.
- Ендеше тегін апарасың, - деп отыра бердім мен де.Түскім келмейді, дала суық, оның үстіне келесі 303 20 минуттан соң жүретінін біліп.
Қайта сол жерде бір кісі майдалап берді. Сөйтіп қаным жүгіріп жылынып та қалыппын. Сол қызумен бүгін екі жазбаны жазып тастадым.
Алла бізге сабыр, шыдам,тәрбие, сана бере гөр.