Таң атпастан ұрсысып келдім

Таң атпастан ұрсысып келдім
жеке
блог

Күздің суық тағы өзегімнен өтіііп, автобус тосып тұрғам. 303 келе жатыр екен. Қуана-қкана отырып алдым. Қуанышым көпке созылмады. Кондутор мырза жолақыны сұрады. Әмиянымнан 5000  ұстаттым. Кеше кешке маңайымыздағы ешбір дүкен майдаламай қойғасын, бары сол 5000 еді. Айлығымнан қалған Frown. Кондуктор бетіме қарады да келесі аялдамадан түсіп қалыңыз деп, кете берді жөніне. Келесі аялдамаға жеткенде "түсіңіз" деді. Мен "түспеймін" дедім. Анау жігіт басымен ұрсыса жөнелді. Мен қалысам ба:

- Неге түседі екенмін, жоқ әлде менің ақшам жоқ па? - дедім

- Саған таң атпастан 5000 тенгені кім ұста деді, - деп қояды.

- Менің міндетім жүрген жолыма ақша төлеу, сенікі қалған ақшасын қайтару, - дедім.

- Немене заңды жынды біліп қоясың ба? - дейді.

- Автобуста сен ғана ақылды екенмін деп қалдың ба? - дедім ашуым қысып.

- Сдачам жоқ болса туайын ба? - деді ол. Жігіттік болмысына жат  қылық қой бұл.

-"Тусаң ту" деп айтуға аз қалдым, үлкен кісілерден ұялып.

- Ендеше тегін апарасың, - деп отыра бердім мен де.Түскім келмейді, дала суық, оның үстіне келесі 303 20 минуттан соң жүретінін біліп.

Қайта сол жерде бір кісі майдалап берді. Сөйтіп қаным жүгіріп жылынып та қалыппын. Сол қызумен бүгін екі жазбаны жазып тастадым. Wink

Алла бізге сабыр, шыдам,тәрбие, сана бере гөр.