Тамыр ғұмыр

Тамыр ғұмыр
жеке
блог

Жыл сайын  Салидат күзгі демалысында ата-әжесінің бақшасына баруды әдетке айналдырған. Бұл жолы да әдеттегідей бақты аралау үшін әдемі себет ұстаған ару қыз қаладан асығып келді. Толассыз сұрақтары өте көп бүлдіршін бақ ішін кезе бастады. Ол үшін талда өскен де, жерге түскен де жеміс тарихы қызығырақ болатын. Жапырақтардың сан алуан түсі Салидаттың көкейін көп мазалауда. Кенет көзі кәрі талға түсті. Жанындағыларға қарағанда әлжуаз, бірақ діңі мықты көрінеді. 

-          Әже, мына ағаш неге сұрықсыз көрінеді, өн бойында жеміс түгелі жапырақ та қалмапты,- деп сұрақты төтесінен қойып қалды Салидат. Сондағы әжесінің жауабы былай болды:  

-          Балапаным-ау, бұл – бақыт ағашы. Атаң екеуміз солай атауды жөн көрдік. Қарашы, тарам-тарам тамыры атаңның алақанынан айнымайды. Түрі де сол қарттық кіріп, сұрқы кеткен. Біз осы уақытқа дейін, сенің әкеңді, әкеңнің бауырларын бағып адам қатарына қосқанша көп еңбектендік. Біз де тал секілді жап-жас болған едік. Қазір ақылдан басқа береріміз жоқ, қолымыздың көп нәрсеге қауқары кетті. Сендердің алдарыңда шырақ болып аман отырсақ дейміз. Бұл кәрі тал да біздің ақ некеміздің куәгері. Ол да уақытында  беретін жемісін беріп, қазір сәл қарттық қысып тұр. Бастысы мәуелі ағаштың өзі дін аман, әлі біраз жыл көктеп, көлеңке сыйлауға күші жетеді. Ал сен бұл тұспалымды қалай түсіндің, күнім?

-          Иә, әжетай ештеңе жасап, ештеңе сыйламасаңдар да аман отырыңыздаршы. Соның өзі үлкен мұра екенғой ,- деп алыстан тыңдап тұрған бозбала шақтағы немересі жүгіріп келіп құшақтап алды.

 

Ақыл-ойы толысқан саналы перзенті өсіп келе жатқан әзиз ана көз жасын сығып, немерелерін жылы құшағына басты. Жақындарымызды бар кезіңде бағалайық.