"Тәмсіл"

"Тәмсіл"
жеке
блог

Бүгін ғаламтор беттерін ақтарып отырып, мынандай бір әдемі оқиғаға кезіктім. Оқыдым да, ойға шомдым. Қысқа етіп жазылған бұл әңгімені оқуға аз уақыт жұмсағаныммен, оның түбіне үңілуге ұзақ уақыт кетірдім. Сіз де оқып көріңіз, ойланыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз...


 

Ертеде бір топ шәкірті бар ғұлама өмір сүріпті. Өмір бәсекесіз бола ма, осы шәкірттерінің бірі ұстазы жауап бере алмайтын сауал тауып қоюды армандапты. Сол үшін бірде қырға шығып, көбелек ұстап алады да, оны алақанына жасырған қалпы ұстазының алдына келеді:
- Ұстаз, айтыңызшы: менің қолымдағы тірі көбелек пе, өлі көбелек пе?
Шәкірт ұстаз жауабына орай көбелекті өлтіріп не ұшырып жіберуге даяр еді. Өлі десе ұшырып, тірі десе бір сығып өлтіре салмақ. Әйтеуір, өз айтары ақиқат болып шықса болды...
Шәкіртіне назар да салмаған Ұстаз сонда былай деп жауап беріпті:
- Бәрі сенің қолыңда.
Егер ақиқаттың ақиқат болмағы тек саған байланысты болса, бұл ақиқат емес.

Авторы: Әмірхан Балқыбек