Менің Анам. Менің асыл Анам. Өмір саған қай қатал қырларын көрсетпеді, қай аязға тоңдыртып, қай толқынға соқтырмады. Бірақ Аллаһқа сенген, иманға толы нұрлы алақандай жұмсақ жүрегің, бәріне төзіп, шыдай білді. Сен мен үшін өшпес тұлғасың. Қанша жүрек жұтып талпынсамда дәл сендей бола алмасымды анық сезем. Сен мен үшін бар әлемсің Анашым. Сендегі бар махаббат пен нәзіктік маған дарығандай ... Сен туралы ауыз толтырып айта бергім келеді. Перзентің үшін шырылдап, шыбын жаныңды шүберекке түйіп, қандай болмасын тағдырдың торынан аман шыққан сен менің асыл Анам. Әкемді жоқтатпай, біреуден кем қылмай, мен үшін жаның ашып, қиналған кезің ай... Құдайдан тек амандығыңды тілеумен келемін Анашым. Мен сүйсінген мөлдіреген ботадай көздерін, нәзік алақаның, жылы сөздерің... Саған деген махаббатымды тереңде жатқан теңізде сезе алмас Анашым. Сен мені тағдыр берген сый деп қабылдасаң, мен сені Құдай берген асылым деп бағалаймын!