Талдықорғанда медицинаның өзекті мәселелері талқыланбақ

          10.06.2016 жылы «Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері» тақырыбында I-Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. 

          Конференцияда алыс-жақын шетелдің үздік ғалымдары мен клиникалық дәрігерлер дәріс жүргізіп, тәжирибе жинаушы дәрігерлерге арналған семинар сабақтар өткізіледі. «Ең үздік ғылыми жұмыс» сайысы жарияланып, үздік шыққан 12 ғылыми-практикалық жұмыс іріктеліп алынады. Үздік мақала авторы 2016 жылдың 11 маусымында Қазақстан мен шетелдің үздік мамандарымен тәжірибе алмасу мақсатында «емделушілердің қабылдау кеңесіне» жолдама алып, бағалы сыйлықпен марапатталады. Сондай-ақ, Конференция матариалдары «Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері» I-Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында тегін жарияланады.

           Конференция 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталып отыр. Конференция бағыты төмендегі тақырыптарды қамтиды:

Кардиология Онкология Травматология Ана мен бала Ми қан айналымының ауытқуы Жедел медициналық жәрдем

 

          Ғылыми мақалалар мен баяндама қорғау туралы өтініштер 2016 жылдың 10 мамырына дейін қабылданады. Толық ақпаратты https://zdrav.zhetysu.gov.kz/ru/ сайтынан немесе 8 (7282) 40-00-61 байланыс телефоны арқылы білуге болады. 

 



Бөлісу: