Талдықорғанда медицинаның өзекті мәселелері талқыланбақ

Талдықорғанда медицинаның өзекті мәселелері талқыланбақ
жеке
блог

          10.06.2016 жылы «Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері» тақырыбында I-Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. 

          Конференцияда алыс-жақын шетелдің үздік ғалымдары мен клиникалық дәрігерлер дәріс жүргізіп, тәжирибе жинаушы дәрігерлерге арналған семинар сабақтар өткізіледі. «Ең үздік ғылыми жұмыс» сайысы жарияланып, үздік шыққан 12 ғылыми-практикалық жұмыс іріктеліп алынады. Үздік мақала авторы 2016 жылдың 11 маусымында Қазақстан мен шетелдің үздік мамандарымен тәжірибе алмасу мақсатында «емделушілердің қабылдау кеңесіне» жолдама алып, бағалы сыйлықпен марапатталады. Сондай-ақ, Конференция матариалдары «Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері» I-Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында тегін жарияланады.

           Конференция 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталып отыр. Конференция бағыты төмендегі тақырыптарды қамтиды:

  1. Кардиология
  2. Онкология
  3. Травматология
  4. Ана мен бала
  5. Ми қан айналымының ауытқуы
  6. Жедел медициналық жәрдем

 

          Ғылыми мақалалар мен баяндама қорғау туралы өтініштер 2016 жылдың 10 мамырына дейін қабылданады. Толық ақпаратты http://zdrav.zhetysu.gov.kz/ru/ сайтынан немесе 8 (7282) 40-00-61 байланыс телефоны арқылы білуге болады.