Өзінің кім екені, шыққан тегі есінде емес... Өмірдің көп қиындығын көрген жігіт ата-анасымен бауырларына іздеу салып ""Қазақстан" Ұлттық телеарнасының "Айтуға оңай" бағдарламасына келді. Бағдарламаға бұл менің балам немесе бұл менің бауырыма ұқсайды деп келгендер саны көп болды. Өкініштісі, бағдарлама соңында ДНК сараптамасы бойынша келген кейіпкерлердің ешқайсысы Асанның туғаны болмай шықты. Алайда, аяулы аналарымыз сәбилерін құшағына алсыңшы деген тілек пен үміт үзілмейді.