Бүгін ҚазҰУ – да журналистика факультетінде Баспасөз және Электронды БАҚ кафедрасы, Бауыржан Әлқожа мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен республикалық ақындар жыр мүшәйрасы жеңімпаздарын марапаттады. Әділ – қазылар алқасын Мемлекеттік сыйлық иегері, ақын Ұлықбек Есдәулеттің өзі бастап марапаттауға да тікелей өзі қатысты.
Басында ақындарымызға мақтау да айтылды, сын да болды. Кей жерлерде ақындарымыздан кеткен қателіктер ашылып айтылды. Дегенмен, мақтаулар басымырақ болды. Есімде ерекше қалғаны Әріби болды. Ақындықтан өзге актерлық қабілеті де бар екен. Кейде Әуезов театрының маңынан көріп қалатын едім, бүгін соның себебін білгендей болдым. Ынталандыру сыйлықтары да болды. Ең есте қаларлығы сыйлыққа кітаптар берілді. Бұл баға жетпес сыйлық деуге болады.
Ынталандыру сыйлықтарымен тағы маған жақсы таныс Ақан Марғұланды да марапаттады. Шыны керек, мен Марғұланды ынталандыруға ғана лайық ақын деп айта алмаймын. Ол мұндайға лайық еместей. Дегенмен, Ұлықбек Есдәулет ағамыздай ақындардың шешіміне дау айтар біз емес. Демек, Марғұланға әлі де ізденіс керек болғаны шығар. Бірақ, кітабы шығып үлгерген Марғұланның өлеңдерін мен сүйіп оқимын. Әсіресе, «Филфактың жігіттері» өлеңін айтсаңызшы. Журналистика факультеті мен филология үнемі бәсекелесіп жүреді. Неге екенін білмеймін, мен екі факультеттің де іс – шараларына бірдей қатысып жүрмін. Әр факультеттің өз орны бар сияқты.
Ақындық деген көбінесе филологтарға тән болып келмей ме, ал журналисттер үнемі ізденіс үстінде, репортаж, мақалалар дегендей. Дегенмен, жақында 8 наурыз мерекесіне болған филология жігіттері ұйымдастырған концертте айтқандай «Филфак, журфак бір туған, қалғандарын кім туған?»))))))))))) Біздің тарихтан беретін лекторымыз Жандос ағай үнемі тарих, филология, журналистика факультеттері бір – бірімен тығыз байланысты деп отырады. Сондықтан, «бөлінгенді бөрі жейді»)))))))))
Басты жүлде «Сұңқар» кәсіподағының атынан 50 000 теңге ақшалай сыйлық түрінде берілді. Бас жүлдені алған Шерхан Талап болды. Шерханның аты таныс болмаса жүзбе – жүз көрмеппін. Әйтпесе, филфак тура «төбемізде» тұр ғой. Басында арамызда Шерханның боларын, отырғанын білмеген едім, Ұлықбек ағамыз есімін атағанда бірақ білдім. Енді есімде жүретін болды. Жалпы, жақын біліспесек те сыртынан танып жүретін болдым))) Өлеңін оқығанда тілінің байлығына таң қалдым. Тіпті, өзім де көп кітап оқып, ізденіс жолына түскім келіп – ақ кетті. Бұл негізі жастарға жақсы үлгі) Өлеңін жаттау қиынға соғатын да шығар, себебі, өлеңінің әр шумағында үлкен мән және ізденістер көп. Таң қалдым. Маған ұнады. Ақан Марғұланмен қоса енді Шерханның өлеңдерін оқып жүретін болдым. Енді 50 000 – ын қайда жұмсар екен)))) Әрине, қалжың.
Шерханды шын жүректен құттықтаймын!!! Өзге де ақындарды құттықтай отырып айтқым келеді, мен бәрін бірдей есіме сақтай алмадым. Өткенде телефоным қолды болғанын постта айтқан едім. Диктофон деген дүние жоқ. Бұл менің журналисттік жадта сақтау қабілетіме сын болды. Бір жыр мүшәйрасынан соншама дүниені түйіп, біліп шығатынымды кім білген. Құрбыларыммен таласып жүріп, медосмотрдан қашып осы марапаттауға келгенім үшін өкінбеймін. Кімнің қандай өнері бар екендігін осындайда білеміз, жігіттерге және екі ақын аруымызға рахмет!!!!!!!!!!!!!!!