Талапкер күні

Марчин Леонардұлы Душински – UIB (Халықаралық Бизнес Университетінің) вице-президенті. Жоғары оқу орнын Ұлыбританияда тәмамдаған. Халықаралық экономика және менеджмент салалары бойынша 16 жыл ұстаздық еткен. Еуропалық компаниялар мен әлемнің көптеген елдеріндегі консалтингтік институттарда қызмет атқарды. Сондай-ақ ол еуропалық IT-секторында жетекші менеджер де болған. Ал оның қазіргі қызметі академиялық бағдарламалардың жұмысын жақсарту, халықаралық бағдарламалардың дамуы, стратегиялық менеджмент пен ұйымдастырушылық басқаруындағы өзгерістер мәселелеріне бағытталған.

"Талапкер күні - ол ең бір маңызды іс-шараларың бірі. Өйткені осындай күндер UIB-де оқығысы келген талапкерлерге университетпен жақын танысуға мүмкіндік береді. Талапкер күніне белсене қатысу – университет туралы тереңірек мәліметтер алуға, туындаған сұрақтарыңызды қоюға, алдағы жоспарларыңызды жүйелеп алуға берілген тамаша мүмкіншілік.

Сәуірдің 19 күні UIB-де талапкер күні болып өтті. Оған 2000-ға жуық ата-аналар мен талапкерлер келді. Оларды университет студенттері мен ұстаздары құшақ жая қарсы алды. Талапкер күнінде келген әрбір қонақ оқу ақшасы, білім сапасы мен студенттік өмір туралы қойған сұрақтарына жауап алды.

Университет келген қонақтарға барлық қонақжайлығын көрсетуге тырысты. Олардың назарына технологиялық инфрақұрылымдар, жаңа компьютерлік бағдарламалар мен техникалардың мүмкіндіктері көрсетілді. Одан соң барлығы университет асханасында тамақтанды. Кездесу соңында қонақтар UIB туралы түсірілген қысқаметражды фильмді тамашалады.

Сессия түрі белсенді түрде сұрақ-жауаптар арқылы болды. Ең жиі қойылған сұрақтар: оқуға түсу жағдайы мен шетелдік бағдарламар жөнінде болды.

Ең басты оқиға ретінде оқуға түсу үшін тапсырылатын байқау сынақ тестілеудің талапкерлер үшін тегін болғанын айта кету керек. 

Енді UIB-дегі ашық есік күні әр айдың аяғында сенбіде өтіп тұрады. Ол жерде сіз өзіңізге қызықты болған сұрақтарға тиісті жауап ала аласыз. Мысал ретінде айта кетсек, алдағы сенбіде «UIB корпоративтік грантын қалай ұтып алуға болатынын» біле аласыз."



Бөлісу: