Тақырыпсыз "сауалдар"

21 ғасыр «жаһандану» ғасыры атанды, жаңа ғасыр ұрпақтары қалыптасты, олардан қалыспай қоғамда түрлі мәселелер көбейді. Түйдектелген жіптей, шешімі қиын жағдайлар шаш етектен шашылып,  адамдарды әбден әбігерге салды. Қоғамның кінәсі ма әлде адамның ба?

  Кез келген елдің басты, маңызды мәселесі, ол –адам тағдыры. Олардың қауіпсіздігі мен бостандығы ең маңызды алғышарты. Алайда, осы қағиданы «көк қағаз» атты аждаханың алдын алмаса, жалмап бітер түрі бар.

     Кінәсіз адамдарды абақтыға тоғытып, жас сәби шетел асырып, адамдардың тағдырын тәлкекке салатын бұл «дертке» дауа бар ма? Парадан-параға дейін күн көретін «шенеуліктертер» қатарынан - қарапайым адамдар, дәрігерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер де жайғасып орын алғалы қай заман? Ақты қара, қараны ақ ететін, «тура билер» туғанын жақтап сөйлегенде, бір адамның тағдыры түбірімен жойылғандығын біле екен? Бір мүшесін 150 мың долларға бағалаған адам мүгедек жаннан денсаулықтың бағасын сұрап көріпті ме? Құрсағын жарып шыққан сәбиін көшеге лақтырған әйел сол жолында  бір балаға зар болып, бедеу атанған жанды жолықтырып көріпті ме?  Ата- атансын бағуға төзімі жетпеген перзент,  өмір бойы ата-анасын таусыла күткен жетімнің  шыдамдылығы жайлы ойланып көріпті ме? Шәкіртінен қаржы алып, «жоғарғы» білімді сыйлаған ұстаз қоғамның «парақорларын» көбейтудегі өзінің жоғарғы ұлесін сезе ме екен?

    Айта берсең, көп мәселе қоғамда,

Кінәлі өмір, әлде екен адам ба?

Білсек егер, жалған екен бұл өмір,

«Жалған» жерде шынайылық тұрған ба?



Бөлісу: