такырыпсыз
жеке
блог
блог
Паналап пенделікпен ар мекенің,
Тарықпай тәңіріме тәубе етемін.
Сеземін дүние мынау,байлық мынау,
Көрген түстей алдамшы сәуле екенін.
Ауыр мұңды арқама салғанымен,
Қуандырған иманнын бал дәмімен.
Бір сәтке ұмытпайтын,пенделерін,
Мақтайын мадақтайын Алланы мен.
Бұлқынғаны бір ғажап бұлай кеудем,
Түгел мүше,түріме шырай берген.
Адам адаспасын деп сапарында,
Аспанға шырақ етіп күн ай берген. Емберді Байжан