Бүгін жалпы массагетке жазба жазу түгілі,бас сұғу да ойда болмаған-ды. Ойда жоқта Массагеттік оқырманым табылып қалды...Назира Жасұзақова деген әдемі арудың сөздері түрткі болды. Аман саулықтан соң "Массагетте көрінбейсің ғой" деген сөзі көзіме оттай басылды. /Біз таныс емес едік,сол сөзден соң автоматты түрде танып кетесің ғой/ жаман да болса жазбамды оқып іздейтін жанның барына қуанып кеттім. Негізі бұл аруға тақырып сен деп қалжыңдап айтқам. "Өмір без прикола болып кетпесін" деп соңғы қызықтарыммен бөлісейін дедім. Ал есіме салған Назираға көп рахмет.
Қазақ тойшыл халық,оның үстіне қазір бәрі шуылдасып ораза айына дейін үлгеріп қалуға тырысып бағуда. Оразада той жасаған жақсы ғой,киелі ай. Бірақ біздің қазақ тойлағанда да "от души" тойлағысы келеді де. /арақ-шарап/ дегендей,әйтпесе неге тойды оразада бүкіл жақсымен өткізгенге не жетсін. Соңғы жазбаларымнан оқығандарыңыздай өмірім той мен концерттен құралып кетті. Жалпы үнемі солай болған да. Бірақ енді 3-ші рет қызжолдас болу тем более 10 айдың ішінде 3рет....білмедім недеген революция. "ОБЩМ" тағы да қызжолдас болып Жамбыл облысы Жуалы ауданына бардым. Бұл өзге тойлардан ерекше,себебі бұл жолы әдеттегідей құрбымның тойында емес,құрбы-жігіттің тойында қызмет жасадым ,қызмет жасағанда сол баяғы отырып-тұрдым ғой///
Құрбы-жігіт дегенге ұқпай қалмаңыздар,менің жігіт достарым өте көп дегенім рас екеніне енді сенген шығарсыздар/// әріптесім Русланмен жаңадан келгелі өте жақсы араласамыз тіпті "подруга моя" деп қоямын оны,ол да қалыспай "пацан не приятель" қылып алған. Жасыратын түгіміз жоқ,тіпті оны мен өзіме құрбы қылып алғаным сонша оны "Мақпал" деп атаймын, /өзі де тмпақ Жүнісовадан аумайды бояп қойсаң/, ал ол мені "Төрехан не Қазыбек" дейді. Тойда да Қазыбек дегеніне құлақ үйрегне мені көргендер есімімді шынымен Қазбек екен деп ойлап біраз жігіттің шошып қалғаны бар. Үркімей тұрғанда деп білегімді сыбанып тұрып түсіндірдім Мен-Қазынамын деп///
Русскийдің /Руслан/ жары Шымкенттен ,ал өзі Алматыда тұрады Алматының жігіті ғой,тек ата-әжесінің баласы болып тойды сол кісілердің шаңырағында жасап берді. Әйелі де ұзатылып келмей жатып Қазыбекке үйленген,сәлем жолдап тұратын,ал жақыннан таныс емес болдық. бір рет қана көргенмін. бұрындары "Руслан менің подружкам қызыл көйлек кидіріп қызжолдас қылам жаныма" деп қалжыңдаушы ем, ол да қалыспай қара кастюммен сен де дружок боласың дейтін.Сол сөзін орындап әйелімен ақылдасып мені қызжолдас қылды. әрине бәрі таң,әдетте мұндайда қыздың өз құрбылары болу керек қой. Жеңгемен де Бурное деген жерге барып жақын таныстым... тойға дейін/// Сөз арасында Русланның қытығына тиіп мазақтап қояды екен мені айтып... Мен прикол десе дайын тұратын көзім бақырайып ұқпай біраз жүрдім,шынымен достығымызға сенбей қызғана ма деп кінәлі болғандай отырдым...кейіннен "мен прикол ұстаймын ғой Қазыбек достығыңа сенем дым алаңдама мән берме" деп көңілімді орнына қойды. Құрсын әйтпесе тойы болып жатқандардың арасына түсіп есі кеткен мен жоқ,Русскийі де өзіне//// Есесіне тойда кішкентай қызбен нешетүрлі қызыққа баттым. Басқы суреттегеі тәтті. Өзі орысша сөйлейді,бірақ әлі орысшасы дамымапты қателері бар/// Мені көргеннен ұнатып жанымнан шықпай құшақтап мақтау сөз айтып, ақырында қызым болып кетті.Көйлегімнің етегінен бір,бетімнен бір сипалап "Ты моя конфетка,красотка ты у меня , принцесса моя, маленькая ,я тебя полюбила очень" деп құшырлана сүйіп айтып болғаны сол еді бетіме қарап "а как тебя зовут?" дегені бар ма?! Күні бойы қасымда әңгіме айтып ,бір елі кетпей жүрген қыз енді келіп атымды сұрағанда шалқамнан түсіп күлдім-ау.
Дардай жігіттерді "сындыруды "қойып өзімнен 10 жас кіші Рустың інісімен де әбден қызыққа қарқ болдым. Русланның інісі рахат,біз алдын танысқанбыз,кіп-кентай сүйкімді жігітті мен әуелден жақсы көрем,көрген сайын құшақтап тыным бермей сүйе берем. Ең алғаш танысқанда "менің жігітім болшы аа" деп күлгенмін,сонда ол ұяла-ұяла "да" деген. Содан кейін қазір кішкене еркін ұялып-қымсынбайды. Таныс адамың болған соң одан артық жан табылмай қалады екен бөтен ортада жүрсең. рахатты көп еркелетемін мен,"жаным-күнім золотой" деп айналшықтап кетемін тіпті. Той бітіп ертесіне шаршап жатайын деп келсем Рахат өзі қатарлас ауылдағы балаларға "вот и моя дена пришла,устала она" дегенін естіп рахаттана күліп алдым. Кешке жолға жүру керекпіз. Алда Русланның ата-анасы,ортада рахат екеуміз,артта Рус жұбайымен. Рахатым рахаттана "бәрі мужи жена болып отыр,даже мы с тобой" деп күлді.Қалжыңдап сөз арасында "когда у нас свадьба?" деп ішек сілемді қатырып отыр. Әрдеңені бір айтып отырғанымыз сол еді, Рахат бірден "тебе сколько лет?" деп жасыма қызықты,"мен 21демін,сен ше?" дегеніме ойланып "мне 11...ты значит старше намного ну 10 лет" деп ойланып қалды. "Ну да муженок мой дорогой" деп күліп бері қарап отырдым. арада біраз тыныштық орнады да кенеттен Рахат "тетя Қазына, ну есть же семьи которые кто то из них старше ,ну жене 30 а мужу 40, ну так же у нас 10лет разница" деп асығып көзі шарасынан шығардай болып. Мен шыдамадым расы...айқайлап күлдім автобусты басыма көтеріп. "Жаным-ау ,ты мне муж или жена? мен 10 жас үлкен әйелің болам ба?" десем "ой ладно пошутил...хотя нормально" деп өз ойымен арпалысып терезеге қарап қалды. Мен күлуді доғарар емеспін. Кішкентай баланың соншалықты ойланып айтқандағы сөзіне риза болып,ақылына тәнті болып тұрғаным ғой. Ол аздай мен жалғыз футболкамен шығып жолда суық болып тоңғаным бар, ал Рахатқа әкесі жемпірін қолына ұстатқан кеш суыса киерсің деп. Салқын жел болып автобустың жоғарғы жағына жабуды өтінгенімде әлгі кішкентай жұбайымның айтқаны-" Тебе холодно? менің мына жемпірімді үстіңізге жабайын да ,мне не холодно честно" деп қолынджағысын үстіме жабуға тырысқанын көріп көңілім босап кетті. Оның андағы жемпірі бір иығымды жаба ма жаппай ма білмеймін,бірақ көңілінің тазалығына кішкентай болса да джентельмендік қасиетіне одан сайын разы болып барам. "Құдай-ай неге ккішкентай болып қалдың" деп маңдайынан сүйіп алдым,ол бұл қазақшамды түсініп үлгермеді. Қазіргі жігіттер ез болып бара жатқан заманда бұл періштенің ақылдылығы пен парасаттылығы қуантты.
Айта берсем тағы да созылайын деп тұр....Қысқасы бұл жолы 3-ші гүлімді қағып алмадым керісінше ел алдында асаба келіншекке ерекше тапсырды "саған қызмет жасаған құрбыңа келесі той сеніңкі болсын деп ақ ниетпен елдің көзінше ұсын,гүліңді табыста" деген сөзімен ортаға шығарып тұрып , екі жас салтанатты түрде маған берді, солай алдым гүлімді. Мен де мәз,тойдың машақатынан құтылған шаршау жастар да мәз, той бітті ау қайтатын болдық деп қуанған қонақтар да мәз.
P.S. Енді қызжолдас болмаймын,- ұят құрысын.