...ТАҚЫРЫП ТАППАДЫМ

            Ең алғаш ол жайлы ести сала ауруханаға құстай ұштым... Жеткенше «Алла тағала жанын аман қалдыра гөр! Жас қой әлі, баласының қызығын көрсете гөр, немере сүйсінші...» деген сөздерді ішімнен неше рет айтқаным есімде жоқ.

«Жанарды көлік қағып кетті, ес-түссіз жатыр...». Осы бір ауыз сөз құлағымның түбінде әлі тұр. Жалбарына тілеген тілегіммен астасып кететіні несі...

           Сол оқиғадан бері біраз уақыт өтті. Жұмысымнан шыға сала кейде осында келемін. Бүгін де Жанардың әпкесіне жолықтым. Не өлі емес, не тірінің санатында жоқ адамды күткеннің оңай емесін әпкенің маңдайына түскен  ұсақ сызықтардан анық байқадым. Самайының ағы да көбейіпті...

           Бірінші рет үмітім үзілердей болды. Бірінші рет «Алла тағала оның жанын азапқа салмашы» деп тіледім. Бірінші рет «жаны қиналмай бізге белгісіз, өзіне белгілі әлемге тезірек кетсінші» деп жыладым. Шын жалбарындым... Өйткені оның осы жатысы мені суытып жіберді... Алла кешіре гөр...

            Кейде осындай сезімге берілуге мәжбүр болады екенсің... Мәжбүрлейді...

 

 

https://tainy.net/1770-raj-eto-gallyucinacii-umirayushhego-mozga.html



Бөлісу: