Тақыр тақырып
блог
Журналистка факультетінің бірінші курсы, екінші семестрінде "Мультимедиялық журналистика" пәні өткізіледі. Зертханалық сабақ уақытында студенттер, біз осы сайтқа, яғни, massaget.kz-ке блог жазамыз. Блог шын жүректен жазылса, мән-мағынасы болса, онда да басыңнан өткен қызықты оқиға болмаса оқырманды елітіп әкету өте-мөте қиын. Университетте жүріп балл үшін ғана не болса соны жазу біршама көңіл-күйіңді түсіреді екен. Тақырыптың тақырлығы сонша, тайып құлауға болады. Бәріне белгілі махаббат сезімі, отанға деген сүйіспеншілік, өмір өткелдері, ана тілі жайлы айтарымыз көп-ақ, бірақ елітіп, бір деммен оқып шығатын оқиғалар оқырман бойында қызығушылық туғызады деп ойлаймын. Бірде университетімізге Нұртөре Жүсіп келген еді. "Ел естімегенді есту, жұрт көрмегенді көру - журналистің басты қасиеті болу керек" - дегенді айтқан болатын. "Айқын" газетінің бас редакторынан алатынымыз көп екен. Соның ішінде тақырып таңдау шеберлігін дамыту.