Таксистен сұхбат алам деп.....

Таксистен сұхбат алам деп.....
жеке
блог

                                       Таксистен сұхбат алам деп.......
     Сіз жолыққан таксис, барар жеріңізге басқа жолмен жүріп кетсе, қандай сезімде болар едіңіз? Сізді қорқыныш билері анық. Демалыс күні Талғардан қалаға жолға шығып, такси ұстап тұрған едім. Күн суық. Машина тоқтар емес. Ішімнен «бекер шықтым», - деген ой да бар. Кенет, ақ түсті шетел көлігі тоқтады. Әйтеуір тоқтады ау! 
- Салеметсіз бе?!
- Cалем! Қайда жол тарттың?
- Саяхат.
- Отыр.
Өзімде қатты тоңып кеткем. Көлікке отыра салысымен ішіне қарап сүйсіндім. Қазақ радиосынан ән шырқалып, отырған орындық пен ішкі көрінісі адамды бірден елікітір әкетеді. Қандай тазалық? Барлық көлік осындай болса......мені ң де көлік алғым келіп, қиялға беріліп кеттім. Көзіме түскен ең алғашқы деталь ол рөлдің қасында тұрған планшет сияқты бірнәрсе болды. Түрі планшетке ұқсағанымен ....оның қызыметі басқа сияқты көрінді. Көшенің аты мен алдыңызда «пешехот» деп өзі айтып тұрады екен. Міне қызық! Әңгімен қалай бастарымды білмей, біраз жалтардым. Машинада үнсіздік.....ммммммммм.
- Ағай, мына алдыңызда тұраған нарсе маған ұнады. Осы жайлы айтып берсеңіз. (Сұрақты төтесінен қойып жібердім..қап..жауап берер мекен..)
- Аааа..... Бұл көлік жүргізетін әрбір адам үшін тиімді нарсеғой, ақшасы да көлемдірек. Өзің байқап отқанындай пайдасы бар. Өзіде ыңғайлы, қаланың ішінде адаспайсың, әр көшемен, сіздің қай бағыттқа жол тартқаның жайлы құлағдар етіп отырады.(Үнсіздік....)
- Жақсы нарсе екенғой.Өзіңіз сатып алдыңызба әлде сыйлық па?!
- Басында өзімде алғым келген. Содан анам туылған күніме сыйлады. Балам, қаланының ішінде жол жүргенде абай болсын деп....
Қандай жақсы нәрсе! Қалада студенттер мен секелді такси ұсағанда әрбірінде осындай карта болса, қауіпсіз, жүрер жолын біліп отырар еді....
Ағай мен журналистка факультетінде оқитын едім. Сұраған сұрақтарыма жауап беріп отырсаңыз. Қалаға жеткенше....
- Журналист дее....Бәсее... Бірден байқадым...Сұрағын көөп...Қарындасым мен таксис емеспін негізі. Жолдан сені ала кеттім.
(Ағайдың сөзін естіп терезеге қарасам, барар жолым өзгеріп барады...Жүрегім дүрісілдеп қоя берді...Арғы сөздерін тыңдағым да келмеді...Қайдан ғана сұрақ қойдым мен..Асхат ағайды тапсырмасына жыным келді..Ең болмаса көліктің нөмерін көріп алсам қайтер еді? «Ағай қайда барамыз, жол ана жақта»,- деп айта алмайм.Тілім байланып қалды.Бағанағы карта деп мәз болып отқаным қайда? Өзімді әрең ұстап отырмын. Соңы не болар екен? Сұрақ қойуға дәтімде бармайды..Құдай- ау мен көремеген жерғой мынау...Басыма неше түрлі ойлар өтті. Ата- анамды, бауырлаырым, туыстарымды ойлап кеттім. Жо-жоқ басқа жолмен апара жатқан шығар. )
- Қарындасым, мен таксис емеспін. Қазі тек «отпускыдамын». Мен жайлы жазар болсаң...Саған кеңесім, басқа таксистермен сөйлесеғой....(Ренжіп айтып отыр. Соңғы, осы сөзін ғана тыңдадым.)
Қорқынышымды білдірмедім.
- Жарайды аға!(Құдай ау, саяхатты жер жұтты ма?! Недеген ұзақ жол.Мен бұл жолмен жүремегенмін өмірі....Туыстарыма хабарласайын десем..бірлігім жоқ...Өтірік музыка қосып, өзіме біреу хабарласқандай түр жасадым..)
- Аллоу, аға... мен жетіп қалдым. Аз күте тұрыңыз!( Телефонды cөндірдім. Таныс емес жолмен келе жатып, «Грулева» аялдамасын көріп, ішіменен қуанғанымды айтпаныз! Өзімді еркін сезініп,терең – терең тыныс алдым. Ооо «Жетысуская» аялдамасы, қазір « Саяхат». Аға маған қарап қояды. Рахметті бірінші Құдайға, екінші таксиске айтып жатырмын. Қайда апарасыз деген сұрақ қоймағаныма шүкір.Қойш, әйтеуір жеттімғой!)
- Қарындасым, сен жақсы сұрақ бастап келе жатып, мен басқа жолмен жүргенде бар көңіл күйің түстіғой. Содан үнсіз қалдың. Қортың ба?
- Жоға ағай, жәй басым аурып кетті, бензиннің иісіғой дейм.(Қайдағы бензин? Не сандырақтап тұрмын өзім? Әдемі шетел көлігінен бензиннің иісіде шықпайдығой.. Ағай бетіме қарап күлді...)
- Мен жол алған бетте кептеліс болды. Сен журналистика да оқиымын деген соң, асығыс шығар деп, жылдам жүруге тырыстым, мына бағытта «пробка» атауымен жоқ болатын..Бүгін не болған өзі?
- Жарайды са а ау болыңыз!
Менің ең алғашқы таксимен журналист ретінде сұхбаттасқаным осы болды. Бір қуаныш, бір күдік, бір үмітпен жеттімғой..Шыныменде «журналист жанкешпе мамандық» дегенді түсіне бастағандаймын.