"Тақиялы періште" жар іздейді!

Блокты бастауыма не түрткі болды? Ғаламтордан бірнеше уақыттан бері "танысу бұрыштарын" сүзіп шықтым... Алайда, көңіл көншітетін ештеңе таппадым. Агентте отырып "тисе терекке, тимесе бұтаққа" деп кез-келген төмен етектіге достық жіберуден ештеңе шықпады. Мен жалпы, жеңіл ойлы, кездейсоқтыққа сенетін адамдар қатарынан емес ем... Кейінгі кезде жалғыздығымды қатты сезініп жүрмін. "Тақиялы періште" фильмін көрген сайын ұялатын болып жүрмын. Жасымыз болса сол сүйікті фильмдегі Тайлақтың жасы 28-ге келіп қалыпты. "Жиырма бестің" желігімен оны да байқамай қалыппыз. Осылай, кітаптағыдай өмірді күтіп жүргенде "отызда да орда бұза алмай" қалып жүрсек, "қырықта қамал алуымыз" екіталай. Өзім ғана танысып қоймай, Сіздерге де екінші жартыңызды табуға септігіміз тиіп жаста, мен үшін бір сауап жазылар ма еді, кім білсін?.. Түнеу күні "танысу бұрышы" деп бір блок ашқан едім. бірақ оным мектеп оқущыларының бір-біріне арнаған "анкетасы" іспетті болып кетіпті. Сонымен іске сәт! 
Ғабит Кәдірбаев Жәлижанұлы. Жасым 28-де. Орта мектепте мұғаліммін. Ауылдық жерде тұрамын. Жұлдызым тоқты. 0-27 жас аралығындағы қазақ қызымен танысқым келеді))))


Бөлісу: