Тәкаппарлық.


Тәкаппарлықтың биік шыңы, өзіңді өзгеден биік санау. Өзгеге жоғарыдан, көкіректі керіп сөйлеу. Адамды менсінбеу, адам құрлы көрмеу, кекетіп, мұқатып кемшілігін бетіне басып, сөзбен жанды жерін шымшып отыру, қысқасы, өзіңді зор, өзгені қор көріп істейтін іс-әрекеттің бәрі - тәкаппарлық болып саналады. Тәкаппарлық- қуыс кеудеден пайда болады. Тәкаппарлық - бұл жаман қасиет!

Адам дүниеге келгенде тәкаппар болып туылмайды. Адам туылғанда таза, пәк күйінде болады. Тәкаппарлық- адам баласына жолдан жабысатын мінез. Бір-екі белестерді бағындырған кезде, бір жұмыстарың өрге домалаған кезде, жолың ашылып, армандаған армандарыңа, алға қойған жоспар, мақсаттарыңа жеткен кезде, бір кісілерде тәкаппарлық мінез пайда болады. Бәріне өзім жеттім, өз қолымды өз ауызыма өзім жеткіздім деп, көкірегін ұра бастайды. Негізінде олай емес екенін, Алланың берген бағы, сыйы, несібесі екенін ұмыт қалдырады.

Пенде болған соң, адам өзгеріп отырады. Бір көңіл күйге, бір эмоцияға, бір жағымды сәттерге байланысты адам өзгеріп отыруы заңдылық. Десек те, тәкаппар болып өзгеруден аулақ болғанымыз жөн. Өйткені, тәкаппар болғаның - Алланы ұмытқаның! Менменсіген жүректен иман кетеді.
Тәкаппарлық жайлы сөз қозғағанда, Абай атамыздың сөзі ойға оралады.
Адам - бір боқ көтерген боқтың қабы,

Боқтан сасық боласың өлсең тағы.

Менімен сен тең бе деп мақтанасың,

Білімсіздік белгісі-ол баяғы.



Бөлісу: