Өрт сөндіруші-құтқарушы – бұл өз ықыласына бой ұру. Құтқарушы болуға деген тек қана ықылас пен әуестілік жеткіліксіз, ол үшін шымыр, алдағы қиындықтарға деген төзімділік, моральді-психикалық дайын болу керек, өйткені төтенше жағдайлар орын алған кезде дәл осы өрт сөндірушілерге жедел әрекет етіп және аз уақытта құтқару жолдарының жоспарын құруға тура келеді.
Кез келген жағдайға дайын болу үшін өрт сөндірушілер әрдайым салауатты өмір салтын ұстанады, спортпен айналысады және дұрыс тамақтанады. Себебі олар біреудің өмірін құтқарып, қайғылы оқиғалардың алдын алады. Керемет жұмыстың кепілі – қайта-қайта жаттығу және өз күштерін уақытылы сынау. Астаналық өрт сөндірушілер әр күн сайын төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерін жетілдіріп, өз-өздерін сынап, тәжірибелерін шыңдайды. Спорт пен кәсіби дайындық – елордалық құтқарушылар үшін әрқашан ең бірінші орында. Өйткені бұл сала кәсібисіздікті көтере алмайды. Өрт сөндіру қызметінде тек қана үздік жұмысшылар ғана қызмет етеді, өйткені олар астаналық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қатарына қосылу үшін қатаң іріктеуден өтті.
Әр жыл сайын басшылық тарапынан ұжымдағы бірлікті арттырып, атмосфераны жаңарту үшін, қызметкерлердің біліктілігін дамыту мақсатында неше түрлі іс-шаралар, байқаулар ұйымдастырылады. Спорттық жарыстармен қатар елордалық Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері жыл сайын «Газ-түтіннен қорғау қорғау қызметінің үздік буыны» атағын алу үшін байқау-сайыстарға қатысады.
Аталмыш іс-шаралардың мақсаты құтқарушылардың кәсибі біліктілік деңгейін көтеру, газ-түтіннен қорғаушылардың жауынгерлік, дене шынықтыру және психологиялық әзірліктерін нығйту болып табылады. Байқау-сайыстың бағдарламасы бойынша газ-түтіннен қорғаушылардың тәжірибелік дағдылары тексерілді. Байқаудың ұйымдастырушылары мен төрешілері әрбір қатысушының дене шынықтыру дайындықтарының өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.
№2 МӨСБ буынының командирі азаматтық қорғау аға лейтенанты аға инженер Кенжеғұлов Абылайхан өз командасын мақтан тұтады. «Бұл біздің екінші үйіміз, ал біз үлкен отбасымыз» - дейді Абылайхан. Олар үшін әрбір жеңіс алға ұмтылуға, үздік болуға себеп болады. Осымен үшінші жыл қатарынан №2 МӨСБ командасы «Газ-түтіннен қорғау қорғау қызметінің үздік буыны» жарысының 7 минут 45 секунд деген үздік көрсеткішпен жеңімпаздары болып келе жатыр.
Аға өрт сөндіруші-құтқарушы Жакенов Жасұлан айтпақшы, «команда болу – біртұтас болу деген сөз, түсіне білу және ең бастысы бір-біріңе сену». Олар командасымен бірге бәріне үлгі болғылары келеді және биыл өз рекордтарын жаңартты. Әрбір жеңіс оларға команданың тұтастығы мен рухын көтеру үшін сенімділік береді. «Біз өз бөліміміздің абыройын көтеруге тырысамыз, үздік болу да соған сай, басым боламыз және басқаларынан ерекшеленеміз. Біз жәй ғана команда емеспіз, біз – біртұтаспыз. Жарысқа қатысу арқылы, біз №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бет-жүзі боламыз, біз бүкіл бөлімді таныстырамыз, сол үшін де біз үздік болуға міндеттіміз» - деп атап өтті Абылайхан.
Ал Данияр Сеитов өздерінің конкурсқа қалай қатты дайындалғандығын атап өтті. «Біз әрқашан спортпен айналысамыз. Күн аралатып спортзалға барамыз, қоссырық пен белтемірмен айналысамыз. Әрине, бірге дайындалған өте тиімді, өйткені бір-бірімізге қолдау көрсетіп кемшіліктерімізді түзете аламыз. Біздің кәсібімізде осылай, сен әрқашан өз нәтижелеріңді жақсартып отыруың керек» - деп бөлісті Данияр.
«Газ-түтіннен қорғау қорғау қызметінің үздік буыны» байқауында кезекті рет №2 МӨСБ командасы өзінің мына құрамымен жеңіске жетті: азаматтық қорғау аға лейтенаты А.Кенжеғұлов, азаматтық қорғау сержанты Ж.Жакенов, азаматтық қорғау сержанты Р.Гирнык, азаматтық қорғау аға сержанты Д.Сеитов.