Тағылымы мол бас қосу

Тағылымы мол бас қосу
жеке
блог

2021 жылдың наурыз айының 02 күні Zoom платформасы арқылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университінің Ақпараттық технологиялар факультетінің «Жасанда Интеллект және Big Data» кафедрасының аға оқытушы Орманбекова Айнур Алибековнаның қатысуымен Алматы Технологиялық Университетінің «Өндірістік үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру» кафедрасының оқытушылары Нұржан Бейбітұлы мен Ержан Сейітұлы ұйымдастыруымен «SCADA жүйелерін салыстырмалы талдау және тестілеу» тақырыбында ашық онлайн дәріс өткізді. Кездесу барысында SCADA (supervisory control and data acquisition, диспетчерлік басқару және мәліметтер жинау) –мониторинг немесе басқару объектісі туралы ақпараттарды жинау, өңдеу, бейнелеу және мұрағаттау жүйесін құру мен қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық пакет екендігі баяндалынды. Дәріс барысында Автаматтандыру және басқару үшін SCADA жүйелерін маңыздылығы мен SCADA жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар қарастырылды. Студенттер тарапынан сан қырлы сауалдар қойылып, тақырып жан-жақты ашылды.