Мен оны тағыда көрдім,сіздердің ақылдарыңыздан кейін шынында тоқтатамын. бірақ ол кісі мені ойламай өзін де мені де қинап жүр.мен ол кісіні ұмыту үшін, алыстату үшін, мені ұнатып жүрген жігітпен бірге қайттым, кешке сол баламен көшеде отырғанда, ол кісі мәшинемен өтіп бара жатты . бүгін маған біртурлі қарады. сосын оңаша кабинетіме кіріп, есікті жауып, маған : Арай өтінем басқасы басқа бірақ менің көзімше жігітпен қол ұстасып жүрмеші деді.ал мен айттым.: аға егер мен сізден әйеліңіздің қолын ұстамаңыз десем ұстамайсызба? олай істей алмайсыз дедім. сол үшін ол менің жеке өмірім мейлі сізбен қатынасымыз қандай болсада дедім.бұрылып шығып кетті де артынан смс пен мейлі не де болса бақытты болсаң болды.ол жаман жігіт емес деді менің қыдырған жігітімді. сонымен сөйлеспедік. обедке барып, сағат 2-де қайта жұмысқа келдім. қандай сәйкестік болды десеңізщі: мен обедтен жұмысқа кешегі қыдырған баланың машинасымен келдім ол мені түсіріп қойды, ал аға балконнан көріп отырыпты.мен есіктен кірер-кірместен алдымнан шығып: арай нестим, жұмыстан шығайынба деді? мен неболды десем сені бұлай көріп қиналып кеттім деді. достар,егер шынымды айтсам менде өтірік сүймейтін жігітке біреуді ұмыту үшін күліп қараудан шаршап кеттім.ол кісіні құшақтағым келеді. үндемей кабинетіме кіріп кеттім,көзіме жас келді, ойланып отырдым,жұмыс істемей, соңында балконға шықтым,көшеге қарап тұр едім, біреу келіп қолымнан ұстады.әншейінде тықыр еткен затты сезетін мен көшеге қарап тұрып ол кісінің касыма калай келгенін де байқамаппын. балконнын есігін жаптық та ішке кірдік.мен төмен қарап, ол маған қарап ұзақ тұрдық. соңында шыдай алмай құшақтап алдым.үндемей құшақтасып тұрдық.бір кезде астынан біреулер кіргені естілді екеуіміз өз кабинеттерімізге қарай кіріп кеттік. сонымен, баяғы күндер қайта жалғасып келе жатыр,достааааар??????ешкімге айта алмайтын сырымды сендерге жазып отырмын.тоқтата алар емеспін.жұмыстан де кете алмаймын. олда семьясын осы жұмыспен бағып отыр.