Тағы сол борат жайлы

Тағы сол борат жайлы
жеке
блог

10 шақты жыл бұрын түсірілген фильмнің жыры әлі бітпеді ма дерсіз? Шетелге шығып келген, не сол жақта оқып жатқан кез келген қазақтың айтатыны Қазақтың атын шығарған осы кино. Әйтеуір намысы бар қазақтар Ұлы Қазағымыздың көзі, ашық көкірегі ояу екенін оларға дәлелдеумен келеді. 

Бірақ, менің жаныма бататыны ол емес, шетелдіктер не десе ол десін. Олар бораттың сол киносын, еліміз жайлы сондай кино барын баяғыда-ақ ұмытқан болар. Оны дабыра етіп жүрген өзіміз ғана. Біз казір өз ішіміздегі бораттармен күресуіміз керек. Жақында ел мақтаған Шаншардың бір көрінісіне көзім түсті (бұрын көрмейтінмін). Екі дос кафеде отырып алып құсығын іше ме, басына киіп ала ма әйтеуір борат оның жанында айналайын болып қалады (Оны шетелдік түсірген соң біз ондай емеспіз деп ит терісін басына қаптауға болады). Ал енді сол жабайы көріністі көріп отырған үш мың көрермен мәз, екі алқаш ауыл қазағының образын ашып берді деп. Бір адам айтпады бұның не Қазақты кемсітіп демеді. Ал қазір сол әзілсымақтардың жалғасып жатқанына да өзіміз дем беріп отырмыз. Тұрсынбектің қол астындағы Қанат та біресе Тайландқа барып маймыл болады, біресе ұшаққа отыра алмайды әйтеуір елді күлкіге қарық қылам деп Қазақтың намысын таптап болды. Жайдарманшылар да солай қалыптасып бара жатыр. Қазақты кемсіту, бірін бірі мұқату. Менің айтатын қорытындым "Болар елдің баласы бірін-бірі - Батыр дейді, Болмас елдің баласы бірін-бірі - қатын дейді".