Адам жақсы нәрсеге тез үйренеді, деген рас қой. Күнде бір алтын алып дәнігіп қалған біз, соңғы күндері қоланы місе тұтпай, ал жарыстан шығып қалған спортшыларымызға ренжіп, тіпті ашынып жатырмыз ))) Әрине, мұның астарында ұлт намысы жатқаны белгілі. Десе де, қасиетті Құранда былай делінеді емес пе: «Ұнатпаған нәрселерің жақсылықтарыңа, ұнатқандарың жамандықтарыңа болуы мүмкін. Сендер білмейсіңдер,
Аллаһ біледі.» (Бақара 216) Әр нәрсенің бір қайыры бар. Ендеше, өзім боксшыларымызға ренжімей, ашуды сабырға жеңдірмек боп шештім. ))) Хадис шарифте «Иманның жартысы – сабыр, қалған жартысы – шүкір.», дейді. Алла тағала Рамазанда көптің тілегін беріп, еліміздің қоржынына бұрын соңды болмаған, ауызша айтуға қысылатын алтын жүлде салды. Осыған да шүкіршілік!! Оны да қара қазақтың қолымен емес, «төртінші жүз» өкілдерінің еңбегімен салды. Бұл да біз үшін, елдігіміз үшін үлкен сынақ болар?.. Жаратқан қара күштерімен, маңдай терлерімен намысымызды бұлдап жүрген қазақ бауырларымызға алтыннан алқа тағып, көк туымызды аспандатуды жазсын! Алтын алмаса да енді жеке басым ешкімге өкпелемеймін, бастысы еңбектерінің шынайы өтеуі берілсе болғаны!.. Жаса, Қазақ! Алға, Қазақстан!