Тағы да "Қозы мен Баян". Тағы да жалғыздық...

Сұрғылт қала. Еліміздің басқа аймағында жасыл желек шығып, жер көгеріп жатса, біздің қала әлі де болсын қаһарлы қыстың қайратынан айыға алар емес. Бұл адамның көңіл күйіне әсер етеді екен. Көктем келсе қыз-жігіттер де құлпырып(немес "құтырып") шығады дейді. Бейне бір көктеммен бірге жаңару үрдісіне қосылардай. Ал осы Астананың көктемі маған ондай әсер бермейтін секілді. Бала күнімнен сұрғылт түсті жаным жақтырмайтын маған, бұл жерде  екінші жыл ғашықтар күнін жалғыз өткізетін секілдімін. Вконтакте желісіндегі "ақылды кісілердің" айтуы бойынша "мен өзімді - өзім мені жақсы көреді" дегенге ұқсайды....

...Жә, жарайды. Бұл жағдайға қаланы да, қаланың аурасында кінәлаудың қажеті жоқ секілді. Себебі махаббат - сұрғылт өміріңді түрлі-түсті ететін, қуаныш сыйлайтын, өмірдің мәнін ұғындыратын сезім емес пе? Ал менікі, мүмкін, соңғы махаббат мелодрамасынан кейінгі болып тұратын сезімге деген жасқаншақтық шығыр. Кім білсін?...

Мерекелеріңіз құтты болсын "ҒАШЫҚТАР!!!"



Бөлісу: