Тағы да...

Қарсы аллдымда тау тұлғалы, ойы ұшқыр, кемеңгер, мен үшін әлемдегі ең ұлы кісі тұр. Жанарынан от жалыны байқалып, әрбір сөзін маған, менің іңкәр көңіліме арнап жатыр. Күлімдеген көзімен сонау аспанда тығылып, бұлттар арасынан сығалап тұрған жұлдызға оқтала қарап, бар күшімен  ақтық демін алғандай терең жұтынып, менің маужыраған, құр селдері түріме қарап  тұрып, бойыма адамгершілік атауының бастау алған бұлағы сенім мен үміт жайлы сөз қозғап тұр. Шын жүрегінен  бізді жақсы көретінін, өзгелерге қарағанда  мені өзіне жақын қабылдап, сырлас тұтанынын жасырмады. Өткен күнге өкінбейтіндігін, қайта сол өкіндірген күндердің сыбағасын қалай алуға болатындығын; не үшін, кім үшін өмір сүріп жатқанын; ата-ана мен достары алдындағы парыздарын... Бәәрін бәрін ақтарыла айтып, бүкпесіз баяндап жатыр. Қос жанарымен  менің иек тұсымнан  жерге құлап жатқан мөлдір  тамшыларға қадала қарап, өзінің ыстық алақандарын арқама тигізіп, мына дүниенің  хош иісін сездірген қыр мұрнын басыма қойып, соңғы демін алған  кісідей тереең дем алып, арқамды ұқалап тұрып, басымды иіскелегенде көзіме еріксіз жас үйірілді. Еріктен болған соң ба, білмеймін, күзгі жаңбырдай  тақтамай көзімнен жас шыға берді, шыға берді...Не үшін,кім үшін жылап тұрғанымды білмей есеңгіреп қалдым...  

Бір сәттік оқиға бүкіл ғұмырымды көзіме елестетті, алдыма-мақсат, жүрегіме-үміт, көңіліме-шуақ сыйлағандай болды. Парасаттылығы мен шыдымдылығы бойынан орын тапқан тұлғаның айтқан әрбір даналығы бақытты болудың "кілтін" тапқызып, бір кем дүниенің кемшілігін толықтыратын құндылығымен  бөліскендей күйге ендім. Көп нәрсе айтты. Бәрі пайдалы,бәрін мен үшін айтты... Ал мен болсам, тілсіз, тек жанарымен тілдесіп тұрдым да, көздеріне ұзақ қарап бір-ақ нәрсені жеткіздім:

Айта бергім келеді. Бірақ... айта аламаймын!...                                                                                                    



Бөлісу: