Тағы бір жылды артқа тастап...
блог
2011 жыл…
Ең қызықты да ең қиын жыладарымның бірі болған шығар… Көп нәрсемен жаңадан танысып, жаңа істер бастап, қаншама істерді аяқсыз тастап та кеткен шығармын... Қатыгездіктермен ұшырасып, шыдамдылыққа ие болып, төзуге үйреткен жыл болды...
Жылдың үздік сайты: уордпресс ком, он.кз, керекинфо
Жылдың үздік блогшысы: Айжан Табын, Жарқын Алаш
Жылдың жаңалығы: Блогкэмп, Заман тобы
Жылдың үздік суретшісі: Гүлназия
Жылдың жұмбағы: ішкі ойлар, адам қандай жағдайларға шейін төзе алады екен сұрақ
Жылдың афоризмі: «Мен өлмеймін, мен бәріне шыдай беремін ғой», «бәріміз, бақытты болайықшы»
Жылдың жазушысы: Януш Вишневский
Жылдың ақыны: Құралай Омар мен Бақытгүл Бабаш, Табиғат Абаилдаев
Жылдың ең керемет сыйы: түсінік
Жыл киносы: көп екен өте көп
Жыл трагедиясы, қорқынышы: діни экстремизм
Жылдың үздік демалыс орны: Алма арасан
Жыл танысулары: вордпресс, он.қз, керекинфо блогшыларымен танысу
Жылдың ең үздік тағамы: шөпеткен
Жылдың ең үздік сусыны: көк шай мен таңғы кофе
Жылдың ең үздік әсері: Азиада-2011
Жылдың үздік әні: Жігіттер «Неге солай», Қайрат Нұртаст пен Ақботаның барлық әндері
Үздік қала: Биылға ешқайда бармадым, Алматыны биыл біріншірет сағындым ауылға кеткеннің өзінде
Жыл шоколады: Сникерс қой өзгермеген
Ең күшті еркелету: Айкон, ....
Менің тілегім: Еліміз тыныш болсын, ата-аналарымыз аман болсын!