Тағдырымызды жазылған кітапқа теңесек, уақыты келгенде оның жаңа парағын аша білуіміз үлкен ерлік деп білемін. Әңгіменің қандай тақырыпта өрбігені маңызсыз, маңыздысы – темірді қызған уақытында соғу.
Күнделікті қайталанып отыратын әдетіңіздің мәнсіз екендігін түсінген болсаңыз, ағысына еріп жүрген, бір күндері арнасына симай жатқан ағыныңыздың бір мезетте тоқтап қалғанын сезсеңіз, онымен байланыстырған ойларыңыздың шектелгенін көрсеңіз, барлық күшіңізді жұдырығыңызға түйіңіз де, дереу "Менің қолымнан келеді" деңіз. Сіз оңбай қателескен болсаңыз да, уақытыңыз зая кетсе де, күшіңіз қалмаса да, тіпті барлығын басынан бастауыңыз керек болса да, "2-ші емес, 1-ші жолмен жүргеніңіз үшін" ғана өзіңізді еш жазғырмаңыз. Қателесіңіз, уайымға батыңыз, үйреніңіз, сабақ алыңыз, дамыңыз.
Есте сақтаңыз: осы істе жан дүниеңіздің тыныштық таппағаны-өміріңіздің босқа өткені. Өмірден ойып алардай өз орныңызды тауып, қорқынышыңызды жеңіп, алға қарай қадам жасамайынша - айналаның бәрі жалған. Өз өзіңізді іздеуден жалықпаңыз, өзіңізді өзіңіз тыңдай біліңіз, жүрек қалауын жасаңыз, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз, интуицияға сеніңіз. Өміріңізді ашық түстермен бояңыз.