Тағдырымның алдында жеңілгенімді мойындаймын...
блог
Бүгін мен бәрін де мойындаймын. Тағдырымның алдында жеңілгенімді мойындаймын. Ия, мен бүгін тағдырымның алдында тізе бүгіп,жеңілгенімді мойындадым. Шүкір, Аллам бар бақытымнан айырмасын! Менің бар бақытым – ата-анам, бауырларым, жақын жандарым, сырлас құрбыларым! Ия, менің бұлардан басқа бақытым жоқ. Онда не үшін тағдырыңыздын алдында дәрменсіз мойынсұндыңыз дейсізбе? Махаббат үшін. Осы кезге дейін белгісіз бір махаббатты күтумен болдым. Осы махаббаттың кесірінен қанша жыласам да, қанша рет тауым шағылса да бір жеңілуді білмегем. Мен ешқашан махаббатта жолы болған адам емеспін. Әлі есімде, 9-сынып оқып жүрген кезім, Төрехан деген жігіт тым жақсы көңілін білдіріп жүріп, кейін неге екенін білмейм, менен теріс айналып кетті, 20 жасымда Арман деген жігіт кездесуге шақырып жүріп, кейін ол да белгісіз боп, хабарсыз қалды. Тұрмысқа шығуыма ұсыныс жасап жүрген Талғаттың да маған деген суық көздерін көргенімде, жаныма батат, Кешкі асқа шақырып тұрып, хабарсыз жоқ болып кеткен Мирастың қылығына да түсіне алмадым. Сол күні демалыс күні болатын. Күндіз үйімді жинап, кешкі асқа баруға дайындалып, күткем... Осының бәрі мен үшін бас қатырған жұмбақ сұрақтар болып қала берді. Бәлкім бұлардың жауабын Сіз білетін шығарсыз, білсеңіз де айтпай-ақ қойыңыз. Өйткені менің білгім келмейді. Енді мен жігіттерге қалай ұнауым керек?! Барымша шынайы болуға тырысамын, ішімдік ішпеймін, шылым шекпеймін,қазақылығымды жоғалтпауға тырысып бағамын. Өзім қаратып алайын десем, өзім қаратып алған жігіт, маған ертең қандай жар болмақ, мен қандай әйел болмақпын?! Оның үстіне қаратып алу, өзім артынан жүгіру деген мен үшін жат әдет. Бір отбасылар болады емес пе, сәбилі болуды қанша қалағанымен, қанша аңсап, күткенімен, бұйырмай-ақ қояды. Сол сияқты тағдырым маған махаббатсыз ғұмырды жазған болар, бәлкім маған адал, пәк махаббат бұйырмай-ақ өтер бұл өмірде. Ол жағы уақыт еншісінде. Қол – аяғы жоқ адамдар да өмір сүреді ғой, бұл жалғанда, оның қасында менікі не тәйірі?! «Махаббатсыз – дүние бос» дедіңізбе,солай-болса, солай шығар?! Бірақ мен енді махаббатты күтпеймін, зарыға күтіп, аңсамаймын. Біреудің қадала қарап, маған ғашық болғанын күтпеймін. Біреу мені ыстық құшағына алар деп армандамаймын. Жұмысымның болғаны қандай жақсы, ендігі бар уақытымды жұмысыма арнаймын. Одан қалды артымнан ерген сіңілерімнің адам болуына бас-көз боламын. Оның үстіне жігітті қаратамын дейтін дәуренім де өтіп кеткен сияқты. Бұрын көрші бөлімдерде жұмыс жасайтын Алмагүл, Айда апаларыма қарап, осындай сұлу апаларым неге тұрмысқа шықпай жүр екен осы жасқа келгенше деген ойлар жүретін санамда, тәп-тәуір жағдайы, тәп-тәуір жұмысы бар деп. Енді «Терме тезек, келек кезектің» қабын өзім киіп жүрмін. Мен оларды енді түсінгендеймін.неліктен олардың жалғыз екенін енді түсіндім. Бәлкім бұл күнәларымның өтеуі шығар?! Бәлкім біреудің көз жасына қалдым ба екен, кім білсін?! Қош, МАХАББАТ!!!