Тағдыр қоспаған екі ғашық

Тағдыр қоспаған екі ғашық
жеке
блог

Мен журналдарды ақтарып отырып, ішінен мына бір мақаланы көзім шалып қалып, оқып едім. Әсерлі екен, екі ғашық туралы....көзімнен жас алдым ер басыммен....

Сонымен осы мақаланы сіздерге жариялап отырмын....Ойларыңыз болса, пікірлеріңіз болса жазыңыздар.....Махаббаттың қандай үлкен ұлы сезім екенін, оның құштарлығы сөз жетпестей екенін сезімдерін қадірлей білген екі жас ғашықтар ұғынар.

Қанат пен Сәуле кішкентайларынан бірге өскен. Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бір партада отырды. Балалыққа салынып, бір-бірімен сөзге келіп қалған сәттері де жоқ емес. Бірақ мектеп өмірі екеуін бірте-бірте жақындастырып жіберді. Олардың жарастықты достығына қызықпау мүмкін емес еді. Мектеп бітірген соң екеуі үйленетін болды. Бұл хабар сыныптағы Әйгерімнен басқаларға зор қуаныш сыйлады. Әйгерім 8-сыныптан бері Қанатты ұнататын. Енді мынандай жаналыққа ол қалай қуана қойсын.

Бір күні Сәуле мен Қанат ренжісіп қалды. Сондағы Әйгерімнің қуанғанын көрсеңіз. Көктен тілегені жерден табылып, мәз-мейрам болды. Сыныптастары екеуін табыстыруға асықты. Қолдарынан келгенін аянған жоқ. Арада уақыт өте берді. Соңғы қоңырау сәті де таяп қалған кез. Бір күні мектепте ешкім күтпеген ауыр оқиға болды. Созылмалы науқасы бар Сәуле аяқ астынан көз жұмды. "Қанат пен Сәуленің тойына барамыз" деп жүрген достары Сәуленің өліміне барып өксігін тия алмады. Ал алғашқы махаббатынан айырылған Қанаттың қандай халде екенін жүрегі барлардың бәрі түсінер.