Таэквондо спорты жайлы не білесіз?

Таэквондо спорты жайлы не білесіз?
жеке
блог

Біздің қазіргі қоғамда спортпен айналысқан өте дұрыс. Себебі өзінді еркін сезінгенге не жетсін, жаттығудан шыққаннан кейін шаршап дененнің ауырғаны да бір ғажап қой. Денсаулығыңыз мықты болу үшін спортпен айналысқаныныз жөн. Спорттың түрі көп, соның арасынан ерекше бір спорт түрі жайлы айтатын болсам ол Таэквондо. 

Таэквондо да спортшының аяғы мен қолы жұмыс істейді, мақсаты жарыс ережелеріне сай жеңіске жету. Таэквондо шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың бір түрі. Корей халқының ұлттық спорты ретінде мәлім. 

Тарихқа сүйенетін болсақ бұл спорт түрі. Корей елінің ежелгі Корё тайпасында пайда болған деседі. Оны Чхве Хон Хи атты әскер басшысы ойлап тапқан. Бұл спорттың ол кездегі мақсаты атты әскерлерді теуіп құлату және де 2-3 жауынгермен еркін соғысу болып көзделген екен. Ал қазіргі кезде Таэквондо спорт түрі болып танылады.  Біздің Қазақ жеріне бұл спорт түрін Мұстафа Өзтүрік алып келген болатын. Соның арқасында Таэквондо шеберлері көптеп шығып жатыр. Спортпен айналысыныздар болашақта чемпиондыққа бірге жетейік.