Табыс көзі - жарнама.

        Қазіргі таңда қай арнаны қоссаңда беріліп жататын сол бір – жарнама. Әрине, телеарна үшін отандық өнімдерді жарнамалау табыс көзі. Десек те, саны бар, сапасы жоқ өнімдерді өткізу үшін беріліп жатқаны шындық. Соның ішінде сұранысқа ие отандық өнім – шемішке. Және де кириешки, чипсыды алуға болады. Жарнамалаған дұрыс – ақ, бірақ пайдасынан зияны көп өнімдерді еліміздің, халықтың әлауқаты үшін жарнамалаудың қажеті шамалы.

        Қарап отырсаңыз – «Қазақстан», «Астана», «КТК», «31» арналар жарнама жасаудан, көрсетуден алдыңғы сапта. Статистикалық мәліметке сүйенетін болсақ: «31» - ші  арна 1,5минуттық жарнамасының құны 1,300 000 теңге, екі тілде көрсету 2млн, ал «КТК» арнасы үщін 1,5минуттық жарнама құны 2млн 86500теңге, «Астана» арнасының жарама құны 650мың теңге, екі тілде 1млн 170мың теңгені құрайды. Табыс  көзі – жарнамада екені рас.

         Әрбір өнімнің пайдасы мен зияны қатар жүреді. Тек зиянды жағын айтуға да болмайды, пайдалы тұсыда жоқ емес – кино көргенде, достарыңмен отырғанда, демалғанда – осы өнімдерді тұтынамыз. Уақыттың жақсы өтуіне, киноның қызықты болуына  үлесін тигізеді.

         Жарнама жасау арқылы телеарналардың табысы молайса, отандық өнімдердің саудасы артып, өте көп сұранысқа ие болады. Әйтсе де, халықтың денсаулығын есте ұстаған да артық етпейді.

 

Семей қаласы,
Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет
студенті Лашын Сымбат.

 



Бөлісу: