Табиғи апат жайлы қаншалықты білесіз? Ол тіршілікке қауіп төндіретін табиғи құбылыстар. Барлығыңыз да табиғи апаттарға жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, көшкін, дауыл т.б құбылыстардың жататынын білесіздер. Бірақ қалай қорғану керектігін екінін-бірі біле бермейді. Неге? Себебі, сіз тек апат болған жағдайда ғана бұл нәрсені ойлайсыз. Сондықтан осы мәселенің шешу жолын бірге қарастырайық.
Су тасқыны. Бұл көбінесе ауылдық жерлерде көп кездесетін апат. Еліміздің бірнеше аймақтарында апат жайлы көптеген жағдайлар орын алған . Әсіресе, ШҚО, Ұлытау облысында, Түркістан облысында осы жылы су тақыны қауіпі туындаған. Мәліметтерге сүйенсек, жақында болған Түркістан облысы Сауран ауданы Бабайқорған ауылында су тасқыны болған. Салдарынан Абай ауылын қар суы басты. Адамдардың аяқ алып жүруі қиынға түскен. Алайда, ешқандай адам зардап шекпеген. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының Көптоғай ауылында да бұл апат туындады.Тіпті әсерінен көпір де құлаған болатын. Қазір бұл мәселемен арнайы адамдар мен еріктілер жұмыс жасауда. Сондықтан осындай жағдайлар болған кезде қалай қорғануды білуіңіз керек.Құжаттарыңызды түгендеп,үйдегі барлық техниканы өшірулеріңіз қажет. Алғашқы көмек көрсету құралдарын да ұмытпаңыздар.
Жер сілкінісі. Бұл жалпы бүгінде әлемде болып жатқан актуалды тақырып. Жақында болған Түркия мемлекетіндегі жер сілкінісі баршамызға мәлім. Бұл оқиға тек бір елдің емес, барлығымыздың ортақ мәселемізге айналып отыр. Жойқын апат 7 баллдан асқан. Үйінділерден шығарлып жатқан тұрғындар саны жетерлік.Қазіргі таңда еліміздің құтқарушылары да жіберіліп, көмек көрсетілуде. Осындай ауыр оқиға елімізде болар болмасын ешкім болжай алмайды.Еліміз осыған байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Эвакуациялау да жоспарланып отыр. Сейсмологтардың айтуы бойынша елімізде де жоғарғы баллдағы жер сілкінісі болуы мүмкін. Сондықтан әр сәтте дайын болуымыз міндетті. Ең алдымен сабыр сақтаңыз. Егер үйіңізден шығатын мүмкіндік болмаса, үйініздегі қауіпсіз орынға тығылыңыз. Қолыңызбен басыңызды қорғаныз. Ал егер тыста болған жағдайда, әрине ашық жерде тұруыңыз қажет. Сілкіну тоқтағаннан кейін жарақат алмағанынызды тексеріңіз.
Қар көшкіні. Апат елімізде қар көп жауатын жерлерде жиі орын алады. Әсіресе наурыз-сәуір айларында көптеп кездеседі. Туындау себебі- қардың ұзақ жаууы жер сілкінісі,қардың еруі т.б. 2022 жылы елімізде ШҚО-да қар көшкіні 30 текше метр жүрді. Жолдар жабылып, кейін тағы көшкін арта түскен. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда, сақтықта қорлық жоқ. Көшкін түсу жерлерден алыс жүріңіз. Ал егер апатқа тап болсаңыз, ауызыңыз бен мұрыныңызды жауып, кеудеңізге ашық жер жасап, дем алуыңызға көмек жасаңыз. Көмекті күтіңіз. Себебі, көшкін қауіпі бар жерлерде бақылау болатынын ұмытпаңыз.
Әрқайсысымызда түрлі апатқа дайын болуымыз керек. Біздің өміріміз тек біз үшін маңызды. Ешкімнің қауіпсіз өмір сүруіне кепілдік жоқ. Сондықтан әрбір ісімізге жауапкершілікпен қарайық!