Табиғи апатқа дайынсың ба?
блог
Адам ауасыз үш минут, жылусыз үш сағат, сусыз үш күн, тамақсыз үш апта ғана өмір сүре алады.
Жаңалықтардан жаман жаңалық естісек "бізден аулақ болсын!" деп тілейтініміз өтірік емес қой. Бірақ, сол әлемде болсын, елімізде немесе көршіміздің үйінде болып жатқан табиғи апатқа "дайынмын ба?" деп ойланбаймыз. Әлемдік практика көрсеткендей табиғи апатқа алдын-ала дайындала білу керек. Себебі, табиғат сізге кез-келген уақытта өз мінезін көрсетуі мүмкін. Бұл сұрақ жайында өзім де ойланбаппын, иа, мектепте сабақтарда айтқан кезде көп мән бермеген сияқтымын.
Осыдан бір апта бұрын "Қызыл жарты ай" ұйымы мен Kcell компаниясы ұйымдастырған журналистер мен блогерлерге арналған алғашқы көмек көрсету тренингінде болдым. Содан бері "біз табиғи апатқа дайынбыз ба?" деген ой қайтар емес. Мысалы, Қазақстанда осы жылдың 6 айында 7 256 өрт болған. Ал келген шығын миллиардатап есептеледі. Мысалы, соңғы екі аптаның ішінде улы газға 10 бала уланып қалды. Адамды ойландыратын сандар екенін мойындау керек. Тренингтен ұққанымды сіздермен бөлісе кетуді жөн санадым.
Өрт болған жағдайда:
- Ең бірінші отбасыңыздың әр мүшесі есіктен басқа шығуға болатын қауіпсіз терезелерді білу керек.
- Кішкентай балаға 2 жастан бастап бір нәрсе жанып басталғанда қалай сөндіруге болатын үйрету керек.
- Құжаттарыңыздың (үйдің, әр отбасының мүшесінің) нотариалдандырылған көшірмесін көлігіңізге немесе қауіпсіз жерге сақтаңыз. Құжаттарыңыз түгел болған жағдайда мемлекет сізге 1 күннің ішінде тұратын жер тауып беруге міндетті.
- Әр адамның бір капишоны бар махровый халаты болуы керек. Егер сіз үйдің ішінде болып өрт басталып кетсе халатты суға шылап киіп алу керек. Сізге ол 7 минуттың ішінде үйден уланбай, денеңіздің күйік шалмай үйдің ішінен шығуыңызға жағдай жасайды.
- ең биік, қауіпсіз жерді таңдап сол жерге шығу керек.
- егер мүмкіндік болса су басу болып жатқан жерден алысқа кетуге тырысу керек.
- Бөлмедегі қауіпсіз жерлерге тұру керек,
- Стол, парталардың астына тығылу керек
- Төсекте ұйықтап жатқан болсаңыз, көрпені толықтай бетіңізге жабуға тырысу керек.
- Көлікте болсаңыз көлікті тоқтатып, қауіпсіз жерге шығу керек.
- Жер сілкінісі саябырлаған соң далаға шығып қауіпсіз аймаққа топталу керек
Оның ішіне әр адамға есептелінген 4 л су, жеке гигиеналық құралдар, радио, консервіленген тамақтар, фонарь батарейкасымен, сықырық, құжаттарыңыз, медициналық қобдиша, сіріңке, жылы киім болуы міндетті.
Әр үйде, көлікте төмендегідей тірі қалуға арналған топтама болуы керек.
Ол жерде көріп отырғандарыңыздай, фонарь, компасы бар сықырық, ине-жіп, барлық қажетті ашқыштары орналасқан бәкі жиынтығы, жаңбырдан қорғанатын плащ, салфетка бар. Қызыл жарты ай қоғамының сайтында дайын жиынтықтарды сатып алуға болады екен.
Ең маңыздысы апат болған жағдайда алғашқы көмек көрсете білу. Егер адам есінен танып жатса, төменде суретте көрсетілгендей жатқызып, тыныс алуын тексеру керек. Мына жердегі видеода толықтай көрсетілген.
Түсінгенім, адам әрқашан қандай жағдайға да дайын болуы керек. Сіз жылап, айқайлағанан сізге ешкім көмек көрсете алмайды. Әр адам өзін қорғаудың жолын және қасындағы жақындарына алғашқы көмек көрсете алатындай болуы керек.
Айтпақшы, «Кселл» компаниясы «Қызыл жарты ай» ұйымымен бірлесіп, гуманитарлық көмек көрсетуге арналған SMS-жәрдем жинау үшін қысқа нөмірді іске қосты. Кез-келген адам жәрдем көрсету үшін Kcell немесе activ абоненттеріне кез келген мәтіні бар, яғни бос емес хабарламаны 9777 нөміріне жіберу керек. Бір SMS құны 200 теңгені құрайды.